Акуланы жұтқан не?

21 қаңтар 2022, 02:04

Атлант мұхитының Мексика шығанағы маңында көп кездесетін ақ акулаларға зерттеу жүргізген ғалымдар оның қанша метр тереңдікке дейін түсетіндігі мен жүзетіндігін анықтау мақсатында денесіне чип орнатқан.Ұзындығы 5 метрге дейін жететін ақ акула 25 жылға дейін өмір сүретін алып теңіз жыртқышы.
Чип орнату арқылы зерттеушілер небары 8 айда-ақ акуланың бүкіл Кариб бассейінін шарлап, Вэнесуэла жағалауына дейін барғаны белгілі болды. Тіпті, ол 2500 метр тереңдіктегі қысымға түскен.
Алайда, ғалымдарды таң қалдырғаны бұл емес еді. Сол сегіз айдан кейін әлгі ақ акуланың датчик үнемі беріп тұрған 11 градус дене температурасы бірден қатты көтеріліп кеткен. Арада 5 сағат өткенде әлгі температура қайта қалпына келіп, кейін мүлдем акула өмір сүруін тоқтатады.
Арнайы аппаратпен Багам аралдары маңынан табылған әлгі чип орнатылған акуланы кейін мұхит астындағы қара түнектен белгісіз бір мақұлықтың жұтқаны белгілі болды. Бірақ, ғалымдар бүгінде оның не екенін білмей таң қалуда.
Мұндай тереңдікке Киттің өзі түсе алмайтынын ескерсек, ақ Акуланы нақты не жұтқаны құпия болып тұр...
Айбол Карашев