Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Алматы облысында отбасын 45 жыл мазалаған әруақтың құпиясы ашылды

  • фото: NUR.KZ

    фото: NUR.KZ

Алматы облысының Жаңалық ауылында тұратын Мұрат есімді азамат бала кезінен бері көріп келе жатқан елестің жауабын тек 45 жылдан соң ғана тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


"Бұл елесті екі жасымнан бері көріп келем", - дейді ұзақ жыл қорқынышпен өмір сүрген Мұрат Қырғызбайұлы.

Оның айтуынша, ақ шляпалы, тап-таза ақ костюм шалбар киген ұзын бойлы, зиялы, оқымысты, сымбатты көрінген бір адам үнемі түнде залдың есігінен көрінетін болған.


Үйдің мүшелері түнде дәретханаға шығудан, залға кіруден қорыққандықтан мектепте мұғалім болып жұмыс істеген аналары балалары "қажеттілігін өтеу үшін" шелек, леген қойып қоятын болған.


Мұрат Байғожаев жылдар бойы елестің кезіп жүру себебін тек үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда ғана кездейсоқ білген.


Ол елу жылдай тұрып келген үйлерінің ауласында жазықсыз атылған жүздеген адамның сүйегі жатқанын, моншаға құбыр жолын қазып жатқанда бір-ақ байқапты.


"Түнде залдың есігінде ақ киімді адам тұрады. Әлі көз алдымда. Сол адамды екі әпкем де, ағам да, мамам да көрді. Үйдегі бар адамдардың барлығы көрді. Олардың бізге ешқандай жаманшылық зияндығы болған жоқ. Ол кезде түсінбедік. Енді міне мына жердің бәрін қазып, жердің астынан шығарған кезде кімдер екенін біз түсіндік. Ақ шляпамен, ақ костюммен, тура міне әлі көз алдымда. Жай адам емес", - дейді ауласынан шыққан аруақтарға құран оқытқан тұрғын.



Тұрғындар марқұмдардың мүрдесімен бірге көзілдірік, оқтың көп мөлшерін, мәсі, түйме, тиын ақша сынды заттарды да қазып алған.


Ені 50 см, ұзындығы 2,5 метр, тереңдігі 1,5 метр жерден табылған адам сүйектеріне Алматы қалалық сот сараптамалық орталығы 6 ай зерттеу жүргізген.


Нәтижесінде қаңқалардың 168 адамға тиесілі екені, барлығы қарақұстан тиген оқтан ажал құшқаны анықталған.

Мәйіттердің арасында бес әйел болғаны да айтылды.



"Мылтық адамның сыртынан атылған. Яғни, оқ қарақұстан, желкеден тиген. Бір адамның бас сүйегінде екі, кейде үш оқтың да іздері бар. Олардың жынысын түгелдей анықтау мүмкін болмаса да араларында бес әйел адам болғаны белгілі болды.

Сүйектердің шіру және сақталуына қарап, әрі баллистикалық зерттеу арқылы олардың кемінде елу жылдай жер астында жатқанын анықтадық.

Жас мөлшерлері 18 бен 70 жастың арасында болып табылады. Араларында азияттықтардан басқа, яғни монғолоиттық нәсілден басқа еурпоиттықтар да көп", - дейді Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институты қылмыстық медицина бөлімінің сот-медициналық сарапшысы. 




Көрілген: 10457    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 09:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30