Американың Айова штатында ерекше той өтті. Қуанышты сәттерін мәңгі есте қалдырмақ болған арулар лаулаған оттың қасында суретке түскен деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
28 жастағы Бриттани Бернс пен 32 жастағы Эйприл Чои 2013 жылы танысқан.
Бес жыл бірге тұрған арулар ақырында отау құрған дұрыс деп шешіпті.
Салтанатты жиын 2018 жылдың 13 қазан күні болған.
Ал қалыңдықтар ерекше суретке түсу үшін той көйлектерінің етегін отқа орапты.
Олар алау шаштарына шарпып кетпес үшін оны да жинап тастаған.
Қауіпсіздік үшін бұл рәсімге дәрігер де шақыртылыпты.