Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

«Елес» деген бар ма?

  • «Елес» деген бар ма?

    «Елес» деген бар ма?

Сұрақ: Елес деген бар ма?

Жауап: Жер бетінде адамдардан бөлек жындар әлемі бар. Олар адам баласы секілді Аллаға құлшылық етуге әмір етілген. Жындар оттан жаратылған, әртүлі бейнелер мен пішіндерге ене алатын қасиетке ие. Олардың мұсылмандары, кәпірлері, бой ұсынушылары, күнәһарлары бар. Ішеді, жейді, үйленеді, ұрпақ сүйеді, сондай-ақ, олардың жемейтіні, ішпейтіні де бар. Жындардың бар екендігі Құран және сүннет, ижмағпен бекіді. Олардың барлығына иман келтіру &ndash уәжіп.

Алла Тағала Құранда жындар туралы былай деген:

«Мен жындар мен адамзатты тек Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»[1].

«Ол адамды (Адам атаны) (қыш) (құмыра) секілді құрғақ лайдан жаратты. Ал жынды оттың жалынынан жаратты»[2].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Періштелер нұрдан, жындар жалындаған оттан, Адам болса, топырақтан жаратылған»[3], деген.

Жоғарыда айтқанымыздай, жындар әртүрлі бейнелер мен пішіндерде көріне алады. Сондықтан «домовой», «елес», «адамның әруағын» көрдік деп жүргендер ол Алланың жаратылысы &ndash жын болуы мүмкін.

Әртүрлі кейіптегі елесті, жынды көрген адамдар Алладан пана тілеп, олардан қорықпағаны жөн. Өйткені олар Алланың қалауынсыз ешкімге зиян бере алмайды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Жындар жоқ (яғни, олар өздігінен ешкімге зиян бере алмайды)»[4] деген.

Ибн Әсир «ән-Нихая» кітабында: «Арабтар шөл далада жындардың оларға әр түрлі бейнеде көрінетінін, оларды жолдан адастыратынын айтқанда, Алланың елшісі «Жындар жоқ» деп жауап берген. Бұл жерде Алланың елшісі «Жындар жоқ» деп олардың болмысын, барлығын жоққа шығарып жатқан жоқ. Олардың адастыра алмайтынын және олар елес болып көрінетінін айтқан»[5] деп түсіндірме берген. Келесі хадисте:

إذا تغولت الغيلان فنادوا بالأذان

«Егер сендердің біреулеріңе жын-шайтандардың бірі елес болып көрінсе, азан айтыңдар»[6] - деген. Яғни, олардың жамандықтарынан азан айтумен, Алланы зікір етумен сақтану керек.

Қорыта айтқанда, адамның көзіне елес болып көрініп жүргендер &ndashәртүрлі бейнеде көрінетін жындар. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде, сайттарда тарап жатқан бейнекадрлар мен фотосуреттердің басым көпшілігі монтаждалған өнім екенін ескеру қажет. Шын болған күннің өзінде олардан (жындардан) қорғану жолы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен Құран және сүннетте келген зікірлерді оқып, өзіне дем салып жүрумен болады.

Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Зәрият сүресі, 56-аят. [2]

Рахман сүресі, 14-15 аят [3].

Имам Муслим риуаяты [4]

Имам Әбу Дәуід риуаяты [5]

Ибн Әсир, ән-Нихая кітабы. [6]

Имам Ахмад риуаяты.

ummet.kz




Көрілген: 4977    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 09:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар
    2 Маусым, 09:17
    Ренжіген әруақ...
    23 Мамыр, 02:09
    ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮС
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір
    25 Сәуір, 10:31
    Әруақ
    23 Сәуір, 17:26
    Өң мен түстің арасы
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31