Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Жеңімнен жұлқылады": белгісіз ұшатын нысанды көрген алматылық жігіттің әңгімесі

  • "Жеңімнен жұлқылады": белгісіз ұшатын нысанды көрген алматылық жігіттің әңгімесі


Белгісіз ұшатын нысанды өз көзімен көрген алматылық жігіт осы жайттан соң бөгдеғаламшарлықтардың барына кәміл сенетін болыпты




Бөгдеғаламшарлықтар, белгісіз ұшатын нысан жайлы интернеттен жиі оқып, видеоларды да көп тамашалауға болады. Бұл ретте ғалымдардың пікірі екіге жарылады. Бірі оған сенетіндер, екіншісі - сенбейтіндер. Сондықтан бұл арада дөп басып, ғылыми тұжырым айту қиын.


Ол үш жыл бұрын өзі куә болған осы жайттан соң бөгдеғаламшарлықтардың барына кәміл сенетінін айтады.Дегенмен бұл тылсым дүниенің бары рас. Оны көргендер Жер шарында көп кездеседі. Соның бірі - алматылық Жанарбек Садырбекті Sputnik Қазақстан тілшісі әңгімеге тартқан еді.


"Жазда, кешқұрым елең-алаң кез болатын. Көлікте едік. Қасымда төрт адам. Алған бағытымыз - Қапшағай. Бір уақытта Байсеркенің көпірінен өтіп бара жатқанда алдында отырған анам: "Анау зымыран ғой деймін", - деді. Рөлде отырған соң оған онша мән бермедім.


Тек қарайып бара жатқан кешіміз бір уақытта жап-жарық боп кетті. Жан-жақта көлік көп қой. Солардың жарығы ма деймін сонда да. Анам жеңімнен жұлқылай бастады осы кезде. Сөйлей алмай қалыпты. Ол бағанадан бері өзі байқаған зымыраннан көз алмаған екен. Ал ол жақындай келе алып дүниеге айналған", - дейді Жанарбек үш жыл бұрынғы оқиғаны еске алып.


Техникалық мамандықты тәмамдаған ол мұның қандай да бір пилотсыз ұшақ немесе адам қолынан шыққан құпия құрылғы болуы мүмкін емес екенін айтады.


Ол беймәлім нысан төбемізде тұрды-тұрды да бір уақытта қас-қағым сәтте жоқ болды. Тіпті, ізі де жоқ. Адамзат ойлап тапқан ең жылдам дүние зымыран болса, ол да артына із қалдырады ғой. Ал мұнда жоқ", - дейді ол."Бұрын НЛО, бөгдеғаламшарлықтар жайлы естігенде оған сенбейтінмін. Бұл - ұшқышсыз ұшырылатын құпия нысандар, мүмкін, орыстікі, немесе америкалықтардікі деп ойлаушы едім. Бірақ өзім куә болған жайттан соң бұл пайымымның күл-талқаны шықты.


Оның айтуынша, беймәлім нысан деректі фильмдерде көрсететіндей дөңгелек пішінді, жиек шеңбері бар, ал шеңберінде көптеген жарық шам орнатылған екен.


"Үлкен енді. Бізден 50 метрдей биіктікте ғана тұрды ғой деймін. Тура төбемізден төніп тұрды. Мен атып шықтым. Қалғаны көлікте қалды. Жарығы көзді қарыды. Қолыммен бетімді көлегейлеп, көзімді ашқаным сол еді, зу етіп, жоқ болды", - дейді ол.





 



sputniknews.kz




Көрілген: 1417    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.03.2019, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31