Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кәрі жілікте шаңырақтың құты бар

  • Кәрі жілікте шаңырақтың құты бар

    Кәрі жілікте шаңырақтың құты бар

Қазанға ет салғанда алдымен кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше үй иесіне немесе ағайынға береді.
Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп ұстатпаған, ал, ұлдарға «сүр бойдақ боласың» деген сенім бойынша жігітке де бермейді.
«Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен.
Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол байға жолаушы кейпінде келіп сыр тартады. Байдың жалғыз ұлы мен бәйбішесінен өзге ешкімі жоқ екен.
Тыңшы қайта келіп:
– Байдың малын күзететін не жалшы, не күзетшісі жоқ. Бәрін барладым. Көршілерінен де сұрадым. Ешбір жасағы жоқ. Бізге елестеген болуы керек, – дейді.
Ұрылардың басшысы:
– Ендеше бүгін шабамыз, – деп атқа қонады.
Бұл жолы да ұрылар қораға тақап келгенде қарулы жасаққа кезігеді. Ұрылардың бірнешеуі жараланып, кейін шегінеді. Ертесіне ұрының басшысы байға өзі барып:
– Байеке, мен ұры едім. Он күн болды сіздің малыңызды торып жүргеніме. Бірақ, қораңызды күзеткен қалың әскер алдырмайды. Күндіз көзден ғайып болады. Не сыр, не киеңіз бар, айтыңызшы? – деп ағынан жарылыпты. Бай ұрыны ертіп алып, қорасында ілулі тұрған кәрі жілікті көрсетеді:
– Әкем марқұм дүниеден өтерінде: «Кәрі жілік көрсең, қораңа байла. Малыңа қорған болады», – деуші еді. Өсиетін орындап, кәрі жілік іліп қойдым. Содан бері малға қасқыр да шаппады, ұры да түспеді, бірде-бір малым жоғалмады, қайта мыңғырып өсіп келеді. Соның шарапаты болмаса, менде басқа кие жоқ, – дейді.
Құдіретке бас иген ұрылар баймен дос болыпты. Ниетінен қайтып, адал кәсіпке көшіпті деседі». Кәрі жілікті жеуге болмайды дегенді ғана естуші едік. Оның мәні мұншалықты тереңде жатқанын ойламаппыз.
«Ертеде байдың жалғыз ұлы болыпты. Ол керуен тартып, қалаға саудаға аттанады. Сапарға шығар кезде әкесі:
– Балам, мына кәрі сүйекті қойныңа салып ал. Қауіп-қатерден аман боласың, – дейді.
– Әй, әке-ай, сенің-ақ ырымың таусылмайды екен, – деп ұлы селсоқ қарайды. Бірақ әке көңілін қимай, көп қапшықтың біріне лақтыра салады.
Межелі жеріне аман-есен жетіп, саудасын жасап елге қайтады. Жолда керуенге қарақшылар шабуылдайды. Бала не істерін білмей, қатты сасады. Сол кезде арт жағынан қарулы жасақ пайда болып, қарақшыларға қарсы ұмтылады.
Тонаушылар сескеніп, кейін шегінеді. Қапылыста бір қарақшының қаңғыған оғы баланың аяғына тиіп, жараланып қалады. Ғайыптан пайда болған жасақ керуенді аман-есен елге жеткізеді. Бірақ ел шеті көрінгенде көзден ғайып болады. Бала үйіне келіп, әкесіне болған жайды баяндайды.
Сонда әкесі:
– Ұлым, ырымның сырын енді түсінген боларсың. Кәрі жілікке Құдай осындай қасиет дарытқан. Сен балалық қылып, кәрі жілікті көп қапшықтың біріне салып алдың. Сонда да керуенің Ғайып Ерен Қырық Шілтеннің шылауында болды.
Егер ықыласың күшті болғанда жебе де дарымас еді, – деген екен. Осыдан бастап ел аузында «Кәрі жілік ер жігітті қырық жолдан қағады» деген сөз қалыпты».
Иә...
Көп жастар мұны біле бермейді...
Негізі: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРІ ТҰНҒАН ТӘРБИЕ ҒОЙ...
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ - ШЕ...
Нағыз - тәрбие мектебі ғой...
Баяғыда бір бейбақ айтқан екен:"Білгенімнен білмегенім, тоқсан тоғыз"- деп...
Айналайын, АСЫЛ АТА - БАБАМ, ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛДЫМ...
Босағаларыңыздан құт-береке арылмасын!!!
Аманбол Махатұлы.

facebook.com желісінен




Көрілген: 2444    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.09.2021, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31