Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қарағандыда екі жасар қыз сегіз айдан бері ұйықтап жатыр

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда екі жастағы қыз ұйықтап кетіп, сол күйі ояна алмай жатыр. Осыған қарамастан, ол ауырсынуды, қолдың тигенін сезеді, тістері шығып, салмақ қосуда. Бұл жағдайды дәрігерлер де түсінбей отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үздік медициналық орталықтардың невролог мамандары онлайн кеңес өткізіп, сегіз айдан бері жалғасып келе жатқан ұзақ ұйқының себебін таба алмай жатыр.

Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізді, алайда балаға нақты диагноз қоя алмауда.

Баланың ана құрсағында жатып ауру жұқтырғаны миы мен оның негізгі функцияларына әсер етуі мүмкін деген болжам ғана бар.

Бірақ, Аяулым төрт айға толғанда дәрігерлер оны құрсақ ішілік ауруынан толық емдеген.

Бүлдіршін ойыншықтарды өзі ұстап, еңбектеп, тәй-тәй басып, барлық дыбыс пен жарықты сезініп, белсенді өсіп келе жатыпты.

Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған. Аяулымның түрі солғын болған соң, оны демалсын деп жатқызыпты. Бірақ, ол таңертең оянбаған. Сәби көзін ашады, бірақ көзінің қарашығы ойнап тұрады.

Қазіргі таңда бүлдіршін облыстық клиникалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Мәскеулік мамандар баланы қарап, оған қажетті медициналық жәрдем көрсетуге дайын. Алайда, олардың қызметі ақылы.
Қарағандыға жақында мемлекет басшысының көмекшісі Аида Балаева келіп, қыздың анасы Шынар Бекмағамбетовамен кездесті.

Ол Балаева ханымнан үкіметтік деңгейде көмектесіп, Қарағандыға мәскеулік дәрігерлерді әкелуін өтінді. Аида Балаева жағдайды Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізуге уәде берді. 




Көрілген: 2798    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31