Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қарияның қарғысы...

  • https://qarmaqshy-tany.kz/

    https://qarmaqshy-tany.kz/

Ол кісі ауылға қадірменді қария еді. Атеизммен уланған ұрпақ жаратқанын ұмытып бара жатқан уақыттың өзінде бес уақыт құлшылығын ұмытпайтын-ды. Әрдайым Алланы аузынан тастамай, оны ісімен де дәлелдейтін. Өзгелер құдайы қонақты табалдырығынан аттатпай жатқанда қанша адам болса да үйіне түнетіп, алдына барын салып күтіп жіберетін.

 

Ол шақта қайыр сұранған тәжіктер ауылға жиі келетін. Тіленшілерді өзгелер ит қосып қуалап, итке талатып жатса қария араша түсіп, оларға барынша құрмет көрсететін. Кеңестің кезінің өзінде ешкімнен қорықпай ауылда мешіт ашқан да сол кісі болатын. Көзі бітеліп қалған бұлақтарды аршып, асар жасап ауыл үшін бар ынта жігерімен адал еңбек атқарды. Әрі онысын ешуақытта да міндет қылған емес. Жүзінен нұры төгілген қарияны ауылдағы еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сыйлайтын.

 

Бір жолы ауылдағы бір жас жігіт сақалын өсіріп, келіншегіне бет жүзін көрсетпейтін киім киіп бастағанда бүткіл ауылды жиып ақыл айтқан да осы қария еді. Әлгі өзге дінге өзеуреген жігіт жан жағын да улап, ауылдағы жас балаларға дейін соңынан ертіп, бүлдіріп бара жатқан соң аузы дуалы қарияларды жинап «мынауыңды қой, әйтпесе басқа жаққа көш...» деп шарт қойған-тын. Ешкімді тыңдамай өлерменденген соң қариялар жиылып келіп әлгіні көшіріп жіберген болатын. Содан бастап ауылда тыныштық орнаған-тын. Бірақ....

 

Қадірменді қарияны қартайғанда ғаріп болады деп ешкім де ойламайтын... Бәрі де ең кенже ұлын үйлендіргеннен басталды. Ең соңғы модамен киініп, шашын бұйралатып, сән салонынан шықпайтын сәнқой жігіт басынан бастап тұмшаланған келін әкелгенде ауыл біткен аузын ашып таңырқады. Намазын қаза қылмайтын келін енді ата-енесін жарылқайтын болды дескен. Бірақ ол көзалдау екен. Ата-енесін сыйламақ түгілі бір дастарханда отырып тамақ ішпейтін кесір келіннің бұл қылығы бүткіл ауылға жайылды. Сөзі бір бөлек, істеген ісі бір бөлек келін көзге шыққандай сүйелдей болды. Иманды қарияға обал болды ау дескен былайғы жұрт. Ал бұл кезде елді бүлдіруге дайын тұратын жүгермектерді тиып ұстайтын ауылда қария да қалмаған-тын. Беті мен қолын ғана көрсетіп тұмшаланып киініп алатын келіннің кесірлігі тіптен шектен асты. Күйеуін де өз сорабына салып алды. Кенже ұл бір күндері сақалын сапситып молынан жіберді, иекті көмкерген сақал бір күні мойынға түсті, бір күні белге жетті. Мейлі ау ұстанған бағыты дұрыс болса, істегені иманды іс болса дұрыс ау. Бірақ киген киіміне сай емес қылықтары сұмдық деп жаға ұстатуға апаратын. Қария іштен тынса керек.

 

Бұл кезде қарияның да қайраты қайтқан, айтқанын ұлдары құлағына да қыстырмайтын. Көп ұзамай арғы дүниеге бет түзеді. Естіген елдің жанын түршіктірер жағдай осы кезде орын алды. Қарияны құрметтеп шығарып салу рәсіміне жиналғандар масқараның үстінен түсті. Үлкен келін қамыр ашытып, нан пісірейік деген ғой, кіші келін «келген адамдар кіріп шығып кете берсін, нан пісірмейміз, бұл дұрыс емес» деп шараның екінші жағына жармасыпты. Екі келін екі жақтан бір бірін жеңе алмаған соң сол үйдің үлкен баласы «қойыңдар, әкемізді жөндеп шығарып сала алмасақ ұят-ты» деп дастархан жайғызып бәрін өзі көтеріп алыпты. Мына масқара лезде ақ ауыл аралап кетті. Иманды қарияның ұрпағы осылайша имансыз тірлікке жол берді. Осыдан бастап ол үйге жан баласы аяқ баспайтын болды. Оларға да керегі осы болар. Үлкен ұлдың жетелеуімен әйтеуір қарияның жетісі, қырқы өткізілді. Осыдан кейін есігі тарс жабылды...

 

Имансыздардың жазасы көп өтпей ақ белгілі болды. Үлкен жолда зулап келе жатқан кенже ұл отбасымен көлік апатына ұшырады. Зулап келіп ауыр жүк көлігінің астына кіріп кетіпті. Көліктен түк қалмаған. Тіпті мынадай авариядан кейін адамның тірі қалуы мүмкін емес деп жатты оқиғаға куә болғандар. Бірақ олар аман қалды. «Осыдан кейін тәубасына түскен шығар, қарияның қарғысы атқан болар» десті былайғы жұрт. Кім білген, бұл да бір біз түсінбейтін тылсым күш болар?!

 

 

 

 

alashainasy.kz




Көрілген: 5627    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31