Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кенеттен пайда болған елестің кесірінен жол апатына түскен алматылық жігіттің оқиғасы

  • © rueconomics.ru

    © rueconomics.ru

Алматылық азамат алдынан шыққан елесті көріп, жол апатына ұшыраған. Райымбек даңғылында болған оқиғаны Мақсат (ред: кейіпкердің есімі) өзіне жіберілген белгі деп түсінеді. Жас жігіт басынан өткен оқиғаны "Хит-ТВ" арнасының "Шырғалаң" бағдарламасында айтып берді деп NUR.KZ.


Мақсат өз басынан өтпейінше, өмірдегі тылсым дүниелерге сенбегенін айтады.


"Бес-алты жыл бұрын Райымбек көшесімен келе жатқанмын. Кешкі сағат 10-дардың уақыты. Бір кезде алдымнан адамның бейнесі шықты. Сосын мен тежегішті бастым.


Бірақ үлгермейтінімді білдім де, рөлді оңға қарай бұрдым. Сол кезде бағанаға соғылдым. Сәлден соң басым қансырап есімді жинадым.


Орнымнан тұрдым да, бірден "адам қағып кеттім" деп ойладым. Әлгі көрінген бейнені іздегеніммен. Ол жерде тірі жан болмады.


Ауруханада біраз уақыт емделіп шығып әлгі орынға қайта бардым", - дейді Мақсат.


Ер адам басынан өткен оқиғаның өзіне келген ескерту екеніне сенімді.


"Маған жаратушының "Тоқта" деген белгісі шығар. Елестің көзіме адам болып көрінгені анық", - деп сөзін аяқтады алматылық жігіт. 




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.02.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31