Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кезінде тұрғындарын жаппай ұйқы басқан Калачи ауылының қазіргі жағдайы қалай?

  • Кезінде тұрғындарын жаппай ұйқы басқан Калачи ауылының қазіргі жағдайы қалай?

    Кезінде тұрғындарын жаппай ұйқы басқан Калачи ауылының қазіргі жағдайы қалай?

Аудан әкімі қазіргі уақытта ауылда 360-қа жуық адам, яғни кезіндегі тұрғындардың тең жартысы қалғанын айтты.

Ақмола облысындағы Калачи ауылы тұрғындарының бәрі бірдей қоныс аудара қойған жоқ. Тұрғындардың бірқатары баспана мәселесінің түбегейлі шешілмеуіне байланысты ауылдан ешқайда көшпей қойды. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Калачиде 360-қа жуық адам тұрып жатыр. Бәрі бірдей көшкісі келген жоқ, жартысы қалды. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары ауылға жылына екі рет барып тұрады. Дәрігерлер бригадасы тұрғындарды түгел тексереді. Әзірше бәрі қалыпты, – деді Талғат Ерсейітов.


Әкімнің айтуынша, Калачиде қазір ауылдық округ әкімдігі, бастауыш мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Кезінде тұрғындары жиі “ұйықтап қалған” тағы бір ауыл – көрші Красногорда қазір 16 отбасы тұрып жатыр.


Тұрғындарды көшіру керек, бізге олармен жұмыс жүргізу керек. 16 отбасының екеуі қоныс аударудан үзілді-кесілді бас тартып отыр, қалғаны көшуге дайын. Бұл жерде олар көбіне қоныс аударған кезде қандай жағдай жасалады деген мәселені көтереді. Біреулер өтемақы жасалғанын қалайды, енді біреулері жаңа жерден бірден жекеменшікке өткізуге болатын баспана берілгенін талап етеді. Осы құқықтық жайттар қарастырылып жатыр, – деді Талғат Ерсейітов.


Есіл ауданының әкімі бұл мәселе облыс басшылығы деңгейінде талқыланып жатқанын айтты. Ол Калачиде тұрғындарды жаппай ұйқы баса бастаған кезде құрылысы қолға алынған төрт үйдің тағдыры не болғаны туралы да сұраққа жауап берді.


Калачиде құрылысы аяқталмаған екі пәтерлі төрт үй болды. Шынын айтқанда, бюджет қаражатының желге ұшқаны дұрыс емес. Сондықтан облыс басшылығы шешім қабылдап, біз оны іске асырдық. Шаруашылық жүргізу құқығына ие субъектілер есебінен төрт үй толық қалпына келтірілді. Бұл сегіз пәтерге тұрмыс жағдайын жақсарту үшін басқа тұрғындар қоныстанды, – деді аудан әкімі.


Еске салайық, 2013 жылдың наурызынан 2015 жылдың сәуірі аралығында Ақмола облысының Есіл ауданындағы Калачи ауылында тұрғындар жиі ұйықтап қала беретінін айтып, дәрігерлерге жаппай көріне бастаған еді. 60-қа жуық тұрғынның арасында 6-7 тәулік бойы ұйықтап қалғандар болған. Жағдайға өңірдегі атмосфералық ауа құрамында радон мен тұншықтырғыш газдың көбеюі себеп болуы мүмкін деген жорамал жасалды. 2016 жылы мамандар ауылда тұрғындардың ұйқышылдығы тыйылғанын және ауа құрамында радон концентрациясының 15 есе азайғанын мәлімдеді. Сол жылы Калачи мен Красногор ауылдарынан 140 отбасының, яғни 313 адамның (73-і бала) басқа ауылдарға көшірілгені белгілі болды. 




Көрілген: 957    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 07:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31