Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Көрпемді тартып, шақырады": Үйінде "домовой" көретін әйелдің әңгімесі

  • Видеодан кдар/КТК

    Видеодан кдар/КТК

Светлана Берекеева түнгі уақытта үй аруағын көретінін айтады. Оның сөзінше, тылсым тіршілік иесі оны ұйықтап жатқан жерінен оятып, атын атап шақырады екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Светлананың айтуынша, ол "домовойды" сегіз жыл бұрын сезе бастаған, ал бес жыл бұрын оны анық көрген.

 

"Оны осымен бірнеше үйден байқадым. Ал одан бұрын, кішкентай күнімнен елестерді көретінмін.
Алғаш рет бала-шағаммен жатқанмын. Түнгі 2 мен 3 арасында келіп, атымды атады. Үш рет "Света" деді.

 

Адамның даусына ұқсамайды, желмен бір дыбыс келеді. Бөлмеде заттар құлайды", - дейді ол.
Сондай-ақ, кейіпкер өзі көретін тылсым жаратылыстың түрін сипаттап берді.

 

"Бойы жарты метрден төмен, үстін түк басқан, талтаңдап жүреді", - дейді Светлана.

 

Әйел адамның сөзінше, ол жатар алдында үй аруағына арнап кәмпит қойып қояды екен, ал таңда тәтті өздігімен жоғалып кететін көрінеді.

 

Алайда танымал экстрасенс Виктор Александровский келіншектің іс-әрекетін құптаған жоқ. Оның сөзінше, үй аруағымен тікелей байланыс орнатқан дұрыс емес екен.

 

"Үй аруағын жындармен шатастырудың қажеті жоқ. Ол барлық үйде бар. Үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сіз одан қорықпаңыз. Оған назар аударған сайын ол өзін көптеп көрсете бастайды. Мұндай затпен ойнауға болмайды. Оны тамақтандыратын болсаңыз, ол өсіп, күш жинай бастайды", - дейді экстрасенс.

 

Түсірілім тобы бағдарламаның алдында Светлана Берекееваның шаңырағына барып, камера орнатқан.

 

Видео кадрларынан келіншектің ұйықтап жатқан кезінде жарық түсті әлдененің кіреберісте жүріп өткенін және үстелдегі қораптың жерге құлап, әйелді оятқанын көруге болады.

 

Светлананың сөзінше, тылсым дүние ұйықтап жатқан келіншекке келіп, көрпесін тартып алып, оятады екен.

 

"Түнде көрпемді тартады, кейде сипалайды. Бетіме жақындап "уф" дейді...

 

Емізулі балам бар, түнде шыңғырып жылады. Емізіп жатып қарасам, қолы тырмаланған, кір саусақтың ізі тұр. Үлкен балам жасаған болар, таңертең сұраймын деп ойлағанмын. Таңда шай ішуге тұрып, қарасам, не саусақтың ізі жоқ", - дейді ол.

 

Сондай-ақ, Светлананың айтуынша, ол 15 жасында клиникалық өлімді басынан өткеріп, о дүиеге барып келгенін де айтты.

 

 




Көрілген: 1846    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31