Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Күзетшіге шабуылдаған елес (видео)

  • Елес. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Елес. Көрнекі сурет: pixabay.com

Колумбияда орналасқан шағын қаланың мэрі әлеуметтік желідегі парақшасында көптеген қолданушыларды таңғалдырған видео жариялады. Онда күзетшіге көзге көрінбейтін "тылсым күштің" шабуыл жасағаны байқалады.

 

Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады. Хосе Мануэль Риос Моралес көпшіліктің қызу талқысына түскен видеоны 3 тамызда жариялаған.

 

Шенеунік таңғаларлық жағдай оның кеңсесінде күзетші түнгі ауысымда болған кезде орын алғанын айтуда.

 

Видеоның ұзақтығы бір минутқа созылады. Кадрлардан дәліз бойымен баяу жүріп келе жатқан күзетшіні байқауға болады, алайда ол кенет қабырғаға соғылады. Күзетшіні камераға көрінбейтін әлдебір тылсым күш қабырғаға итеріп жібергендей әсер қалады. Сол сәтте ер адам, еңбектеп алға ұмтылады, алайда оның бұл әрекетінен түк шықпайды. Оны әлдебіреу артқа тартып тұрғандай болады.

 

Видео соңында болған жағдайды байқаған өзге екі күзетші дәлізге жүгіріп шығады, сөйтіп дәрменсіз жатқан әріптестеріне көмек көрсетеді.

 

Қала әкімі адамдар үкімет ғимараттарының бірінде "елестер бар деп" алаңдамағаны жөн екенін атап өтті. Ол көзге көрінбейтін "елестерден" құтылу үшін арнайы мамандар тобы жалданып, ғимараттың іші "тазартылатынын" алға тартты.

 

 

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысының полицейлері Қаратөбе ауданындағы елеске қатысты ақпаратты тексеріп, қаңқу сөздер расталмағаны туралы жазған болатынбыз.

 

Тәртіп сақшылары айғақ ретінде өздері түсірген роликті жария етті.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 924    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.08.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31