Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүниені көріп қайтқан ақтаулық фотограф

  • Pxhere

    Pxhere

Маңғыстаулық кәсіби фотограф Салауат Жәнібекұлы жол апатына ұшырап, бір айға жуық ес-түссіз жатқан. Ол комада жатқан кезінде тірілерге беймәлім әлемді көргенін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Салауат жол апатына 8 мамыр күні түскен. Тасжолға шығып кеткен түйеге көлік соқтығысып, ұзақ уақыт аурухана төсегіне таңылды. Дәрігерлер оның жанын өлімнен арашалап қалу үшін барын салды.

 

Қадір түнінің қарсаңында көлік апатына түстім. Көлік түйеге соғылыпты, мен артқы орындығында отырғанмын. Жол апаты туралы есімде ештеңе жоқ, — дейді Салауат Жәнібекұлы.

 

Салауат Жәнібекұлы

 

Айтуынша Ақтау қаласындағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 56 күн жатқан. Ал оның 25 күні ес-түссіз өткен.

 

"Салауат сен 25 күн комада жаттың сонда не көрдің" деп менен жақындарым жиі сұрайды. Көзімді ашсам аппақ бұлттың ішінде жүр екенмін. Алдымда үлкен қақпа, есік болды. Сол есіктің алдында көп адамдар кезекте тұр екен. Менде кезекке тұрдым, кезегім жақындап есіктен кіре бергенімде, есіктің алдында бір ақсақалды маған, "Балам қайда барасың, кейін қайт, сенің кезегің әлі келген жоқ" деп қайтарды. Мен елден қалмай есікке кіруге қайта ұмтылдым, сол кезде әлгі ақ сақалды ата, "балам саған бұл жерде орын жоқ" деп кеудемнен қатты итеріп жіберді. Мен есіктен кіре алмаған соң жан-жағыма қарасам өте биік тас қамал екен. Ол жерден өту мүмкін болмады", —дейді Салауат Жәнібекұлы.

 

Оның есінде бұдан басқа ештеңе қалмаған. Айтуынша, алыстан құран оқылған дауыс үзіліп-үзіліп естілгендей болыпты. Жол апатына түскен көлік жүргізушісін де, түйенің иесін де кешірген Салауат "мен үшін біреу қиналғанын қаламаймын" дейді.

 

Ауруханадан шыққаныма 3 ай болды. Аллаға тәубе қазір жағдайым жақсы. Менің аман қалғаным бірінші Алланың шапағаты, аталардың аруағы, халықтың тілегі, дәрігерлердің еңбегі, емшілердің емінің арқасы деп ойлаймын, — дейді ол.

 

Оның мамандығы фотограф. Денсаулығы қалпына келісімен Ақтаудағы өзін емдеген дәрігерлердің күнделікті тіршілігін суретке түсірсем деп жүр. Қатарға қосылысымен кәсіби мамандығына қайта кіріспек ниетте.

 




Көрілген: 1747    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 20:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31