Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Өмірге қайта оралғым келмеді": Қазақстандық 3 жарым жыл комада жатып, не көргенін айтып берді

  • "Өмірге қайта оралғым келмеді": Қазақстандық 3 жарым жыл комада жатып, не көргенін айтып берді

Алматы қаласының Майя есімді тұрғыны өмірінде болған таңғажайып оқиғасымен бөлісті. Әйел 3 жарым жыл комада жатқан, бірақ таңданарлығы осы уақыттың ішінде болған барлық жағдай оның есінде қалған, деп хабарлайды  “Экспресс К” сайты.

Майя күтпеген жерден болған инсультке дейін қарапайым күн кешіп, болашаққа үлкен жоспарлар құрған. Алайда әйелдің денсаулығы күрт нашарлауынан дәрігерлер қауіптене бастаған.

 
"Ия, 3 жарым жыл комада жаттым. Ол кезде дәрігерлердің де амалы таусылған еді. Мен комаға дейін инсульт алған күні дәрігерлерге келген уақытта, олар қатты таңғалды. Олар шындығында менің денем жансыз болып қалғанын, менің мүлдем жүре алмау керектігімді айтты", – деп еске алады ол.

Кейін әйел мүлдем есін жоғалтып, комаға түсіп қалған. Ол осындай күйді 3 жарым жыл кешсе де барлығы есінде жатталып тұрғанын жеткізді. Майяның айтуынша, осындай сәттердің бірінде денесінен жанының қалай шығып жатқанын сезген. 

"Денемнен ауыр жүк алынғандай күй кештім. Дененің не үшін өмір сүретінін түсінбедім", – деп еске алады сол сәтті ол.

Майя өзінің денесі палатада жатқанымен, айналасында не болып жатқанын анық көрген. 


"Әлемдегі ең қарт адам" 127 жасында қайтыс болды: Ол ұзақ өмір сүрудің құпияларын бөлісті

Теміртауда әйелді автобустан итеріп шығарып, аяусыз тепкілеген (видео)

Қостанайда ұлын балталап өлтірген әкеден қызы миллион теңге өтемақы талап етті

"Мені өмірімді көп адамның үзгісі келгенін, ер дәрігерлердің "үстіме шыққанын" көрдім. Медбике менің басымнан ұрды. Дәрігерлердің мені қалай құтқарарын білмей дал болғанына куә болдым. Шындығына келсем, ол жақта бұл өмірдің мен ойлағандай мейірімді емес екенін ұқтым", – деп қосты әйел.

Ол сонымен қатар арғы өмірдің соншалықты қорқынышты емес екенін алға тартады. Ол жақта уақыттың да, шекараның жоқ екенін айтады ол. 

"Арғы өмірде ешқандай кедергі жоқ. Мен бір уақытта екі бірдей орында бола алатын едім. Егер мені бір адам есіне алатын болса, мен сол сәтте оның жанынан табылатынмын. Мен мұны қалай түсіндіретінімді білмеймін", – дейді Майя.

Әйел сонымен бірге ең қорқынышты кезін де айтып берді. 

"Менің өз денеме оралған уақытым ең қорқынышты кез болды. Ауыр жүктер менің үстіме қайта артылғандай сезіндім. Содан соң мен көзімді аштым. Артқа қайта оралғым келмеді, ол жақтан бір бақыт тапқандай болдым", – дейді ол.

Сөзінің соңында әйел бұл оқиға оған үлкен сабақ бергенін айтты. Ол өз кезегінде барлығына өмірдің қандай сынағына ұшыраса да ешқашан берілмеуге және уақытты бағалауға кеңес береді.

"Өмірді сүріңіздер әрі сүйіңіздер, өйткені ол бізде жалғыз. Арада 5 жыл өтсе де мен бұл басымнан өткерген сәтімді дірілмен еске аламын", – деп сөзін тәмамдады Майя.




Көрілген: 1242    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 10:11
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша, 09:41
    Қабірдегі қорған...
    15 Қараша, 09:48
    Айнадан көрінген елес
    12 Қараша, 09:26
    Өзге әлем...
    5 Қараша, 11:03
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31