2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Пері...

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Әжеміз арқасы бар кісі еді. Басқаларға көрінбейтін «параллель әлем» оны еш таңғалдырмайтын. «Кеше анау бәлені (өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыз не жайлы екенін) көрдім» деп міз бақпай айтып отыратын.

 

Бізге де бәрі қызық қой. Жанын қоймай қорықсақ та елестер, жын-пері жайлы көргенін, естігенін айтуын сұрайтынбыз. Ақыры көндіреміз-ау, шуылдап жатып. Сөйтіп әжеміз әңгімесін бастап кететін, әңгімелерінің эффектісі жақсы болсын деп шамдарды өшіріп тастайтынымыз да бар:

 

«Жас кезім еді. Қойлы ауылдың қыстағында тұрып жаттық. Қақаған қара суық өң бойыңнан өтеді. Киіз үйдің керегелерін қалыңдап жауып, тамақ ішуге отырған кезімізде, сырттан бір дыбысты естідік. Әкем қомыт-қомыт киімін киіп, аяңдап далаға бет алды. Тысқа шықса, қақаған қыстың суығында үстінде жұп-жұқа киім киген бір кісі тұр екен. Әкем оны қатты аяп кетті, жүгіріп үйге кіргізді. Бірақ бір қызығы ол кісінің жүзі жаураған адамға ұқсамайды. Жайбарақат төрге шықты да, отыра кетті. Шешеміз әуреге түсіп, қонақтың қамын жасап, отты лапылдатып жағып жатыр. Әкем үстіндегі шапанын қонақтың үстіне жауып әлек. Әлгі кісі көп сөйлемейді екен. Астында не аты жоқ, киімі болса жұп-жұқа, қайдан келе жатқанын, қайда жол тартқанын да айтпады. Бір-екі шыны шайдан ішіп алып, отырған жерінде қисайып ұйқыға кетті. Шаршаған екен деген оймен, төсек салып мазасын алмай, үстіне көрпе жаба салды шешем.

 

Түнімен жауған қар тізеден басып қалыпты. Бұл биылдыққа жауған алғашқы қар еді. Киіз үйдің есігін жауып қалғандықтан, есігін әкем әзер ашты. Түндегі қонағымыз ұйқысынан тұрып, үй иелеріне ризалығын білдірді де, шайға қарамастан кетуге жиналды. Қоштаспастан сыртқа атып шығып кетті. Шешем үлкен сандығында әкемнің киілмеген бір қалың шапаны бар еді. Соны кісіге кигізіп жібермек болып, сандықтың үстіндегі көрпелерді әкеме түсіртіп жатқан.Сыртқа шығып қарасам жаңағы кісі жоқ, жердің астына кіріп кеткендей. Өздерінше әуреге түсіп жытқан әкеме барып қонақтың кетіп қалғанын айттым. Айналада бір де бір үй, бір де бір тал-терек жоқ еді. 2-3 минуттың ішінде көзден ғайып болған қонақтың артынан шықсақ, есіктің алдында 5-6 метр жерге дейін із бар, ары қарай теп-тегіс қар, із басылмаған. Бұны көрген біз жағамызды ұстадық. «Пері кезіп жүреді» деген осы шығар деді сонда әкем.

 

Дәл осы жеріне келгенде өңкей шөбере бір-бірімізге тақалысып, көзіміз бақырайып отырушы едік

 

massaget.kz/




Көрілген: 1421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31