Талайдың бойын жынын тазартқан Әуелхан

Талайдың бойын жынын тазартқан Әуелхан

Қазақта «жынын қағу, жын соққан, жын кіріп алған» деген ұғымдар бар. Қарап отырсақ, бұл жай айтыла салатын сөз емес. Шын мәнісінде адамның ішіне жын кірсе, ол уақыт өте келе оны еліртіп, көпшілік отырған жерде жанын жай таптырмайды екен.

 

Ерейментау өңірінде өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Әуелхан деген сынықшы болды. Аяқ-қолы сынғандар бірден сол кісіні тауып алу үшін тау арасына ағылатын. Негізгі өнері сынықшылық емес, дем салу және жын шығару еді. Бала кезімде Әуелхан келе жатыр десе, балалар үйімізге тайып тұратынбыз. Тәртіпке көнбей, ұйықтамай жатсақ әжеміз Әуелхан молда келе жатыр деп қорқытатын. Содан болар, ол кісіден бала тұрмақ үлкендердің өзі именетін.

 

Әуелхан туыстары жоқ жалғыз кісі. Жасы жетпісті алқымдағанына қарамастан тау арасын паналап жүретін, ауылға айына бір соғып кететінін ара-тұра көретінбіз. Киім киісі де қызық еді. Үстінде жұлым-жұлым болған кенептен тігілген киімдер, басында дәу көнетоздау тымағы болатын. Сырттай қараған кісі оны дуанаға қатты ұқсататын. Оны үйіне паналатқысы келетіндерге еріп келгенімен, екі күннен кейін ескі әдетіне басып тауға кетіп, қайтып келмей қойыпты. Ең басты қасиеті адам баласына еш жазығы жоқ. Ол салып берген тобық, шынтақ қайтып шыға қоймайтын болыпты... Осындай аңыздарды мектепте жүрген албырт шақта алуан түрлі сипатта құбылтып айтып жүруші едік. Шынында мұның бәрі ақиқат-тын.

 

Кейде ойын балалары Әуелханның кешкілік ауылға келе жатқанын көрсек тығыла бастайтынбыз. Қолында аса таяғын ұстап, ауылға келген бойда көңілі қалаған үйге түсетін және оған ешкім кет демейтін. Әуелхан қай үйге түссе, алғаш тізе бүккен жерінен өлсе тапжылмайды. Сол жерде отырып тамақ ішіп, сол жерде отырып ұйықтайды. Оны төсек салып беріп, соған жат деу мүмкін емес-тін.

 

Бірде Әуелхан ойда-жоқта ауылға келе қалды. Іңір қараңғысында ауылға келген ол біздің үйдің шарбағын ашып жатты. Оны көріп, қатты қорыққан мен әжемнің бауырына тығылдым. Ол болса әжеме қараған күйі «қалың қалай, қара кемпір?» деп үйге кіріп кетті. Сиыр сауып келген шешем сүт пісіріп, тамақ дайындап жатты. Кешкі ас ішіліп, арасында Әуелхан әжемнен әлдекімдерді сұраған болды. Одан артық әңгіме айтылған жоқ. Төсек салынып, ұйқыға жатарда Әуелхан пештің түбіндегі орнынан тапжылмады. Әжем ұйқыға кеткенімен мен біразға дейін көз ілмедім. Шындығында қорықтым. Ыңырсып, арасында әлдекіммен сөйлесіп отырған ол сондай қорқынышты әрі үрейлі еді. Ұйықтап кетсем, тап бір Әуелхан келіп жеп қоятындай... Кейін ол кіммен сөйлесті деп әжемнен сұрасам, «атаң өз адамдарымен сөйлесіп отыр» дейтін. Балалық па, әйтпеуір соны өзімше түсінген боламын.

 

Әуелханның сынықшылығы мен дем салатынын және жын шығаратынын айттық. Сондай жайттардың біріне мен сегіз жасымда куә болдым. Әуелхан бізді үйге түсті дегенді естіп оны іздеп жүрген көрші ауылдағы Ақтай таңертең үйге келе қалды. Жазғытұры жер сызда мал бағып жүріп далада ұйықтап қалған ұлы Қанаттың есі ауысып, ауырып қалды деп ауыл шулап еді. Медицинаның емі қонбаған болуы керек, Ақтай ұлының жайымен Әуелханға мұңын айтпақ болды. Таңертең шай үстінде кірген Ақтаймен Әуелхан бірден сөйлескен жоқ. Есімде қалғаны, әжем оған Әуелханның мазасын алма деп ишарат жасады. Содан кейін шай ішіліп бола бергенде Әуелхан «анау есуасыңды алып кел» дегені... Соны күтіп тұрған Ақтай сыртта әлдекімдер ұстап тұрған Қанатты алып кірді. Кірген бойда оны тізерлетіп алдына әкелді. Әуелхан дорбасынан біз алып шығып, әжеме «әй қара кемпір, мынаның басын қып-қызыл етіп алып кел», - деді. Әжем сүрініп-қабынып жүріп айтқанын лезде орындады. 16-17 жастағы Қанатты тізерлетіп алдына отырғызып, ұшы шоқтай қызарған бізді қолына алды. Әуелхан енді не істейді екен деп бәріміз қарап қалыппыз. Қанат болса жуасыған тайдай оның алдында үнсіз отыра берді. Сол кезде Әуелхан бар даусымен әлдене деп айғай салып, ып-ыстық бізді оның тас төбесінен сұққан күйі кері тартып қалды. Қоймалжыған ірің тәріздес сұйықтық сілекейдей шұбатылып созыла берді. Осылай бізді екі-үш сұғып тартып-тартып қалғанда әлгі сұйықтық таусылғандай болды. Қанат болса ауырсынбады, әлденеге қадалған күйі әлгі әрекет жанына жаққандай отыра берді. Шамасы, емдеу процесі сәтті өткен болуы керек, үфф деп қойып, Әуелхан Қанатты жібере салды. Ақтай одан енді не істеу керектігін сұрап, кешікпей ұлын ертіп алып кетті. Содан кейін Қанат тілге келіп, қайтып адам қатарынан қосылып кетті дегенді әжем айтып жүрді.

 

Әуелханның кейін біздің үйде қанша болғанын ұмытыппын. Әйтеуір буыншақ-түйіншектерін жанынан бір елі тастамай, аттанып кетіпті.

 

Кейде ауыл балалары ойын қуып жүргенде ауыл шетінде жардың түбінен жанып жатқан отты көретінбіз. Бізден үлкен балалар оның Әуелхан екенін, тауы түбінде «достарымен» сөйлесіп отырғанын айтып, үрейімізді ұшыратын.

 

Оның сынықшылығы туралы да әңгіме көп. Тыңайған жерлерді игеру жылдары Ерейментау жақта Капель деген немістің жіліншігін трактор басып, сүйегін үгіте сындырып кетеді. Жаны көзіне көрініп, шырқыраған оны тракторшы жігіттер бірден тау арасында жүретін Әуелханға алып барыпты. Сонда ол «кәпір ғой» деп жақтырмай қарап, соңынан айғайына жаны ашып үгітіле сынған сүйегін жинап, таңып беріпті. Кейін бәлніске барғанда дәрігерлердің өзі бұған таң қалады. Оның сынықшылығына күмән келтіргендер бірде бөтелкені сындырып, «осыны жинашы» деп қоймапты. Сондай дейді Әуелхан бөтелкені зауыттан шыққандай етіп қайта жинап беріпті-міс...

 

Әжемізден кейін Әуелханның неге үйленбегенін, оның неліктен далада жүретінін сұрайтынбыз. Жас күнінде ол әкесінің қалауымен дін оқуына бармай қойыпты. Тіпті, бабасынан мұра болып келе жатқан құран кітаптың бетін әжетіне жаратқан соң, әкесі теріс бата беріп, осындай күйге түскен екен. Әжем осындай әңгімені айтқаннан кейін түн қараңғысында Әуелхан шыға келіп, басыма ұшы қызарған бізді сұғып алардай көрініп, өзімнен өзім қорқатын едім. Кейін мектеп бітіретін 1976 жылы ауылдағы Әбілақпардың үйінде қайтыс болды.

 

 

 

Автор: Нұрман Бақбергенов, Астана қаласы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста