Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тозақ қақпасы

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Қарақұм шөлейтті даласы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне таза экологиялық жүйе ретінде енгізілуі мүмкін.

 

Бұл жайында Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов мәлімдеді. «Бұл жерлерде өсімдіктер мен жануарлар әлемі ғажайып түрленген. Сондықтан да табиғи сыр-сипаттары жіті зерттелуі қажет», – дейді түркмен президенті. Ол, сондай-ақ, қазіргі уақытта Түркменстанда халықаралық туризм саласының белсенді дамып келе жатқандығын да мақтанышпен атап өтті.

 

Шетел туристері республиканың табиғи болмысына қызығушылық танытатынын, әсіресе ғажайып көрікті мекендер мен шөлейттердің рөлі зор екенін айтты. Солардың бірі – Түркмен жерінің үштен бірін алып жатқан Қарақұм шөлі.

 

350 мың шаршы шақырымға созылып жатқан құмды шөл әлемдегі ең үлкен шөлді аймақтардың бірінен саналады. Бұл жерге тап болған кез келген адамды құмды мұхитта жүргендей әсерде қалдырады. Мұхиттағы сияқты мұнда да құмды толқындар (бархандар) тұрып, желдің күшімен әндете де алады.

 

Саяхатшыларды Ашхабаттан шөл даланың ортасындағы Дамла қыстауына дейін жеткізу қарастырылған. Жолдың 130 шақырымы тек құм үстінде өтеді. Қыстауда туристер жергілікті жұрттың тұрмысымен, қол өнерімен етене танысып, ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Ал одан соң түнді шатыр астында өткізеді.

 

 

Елге туристерді көптеп тартып отырған жердің бірі – Дарваз. Оты сөнбес үңгір – кезінде адам қолымен жасалған қателік салдарынан орын алған апаттың нәтижесі. «Тозақ қақпасы» атанып кеткен бұл үңгірдегі жанып жатқан табиғи газдың мөлшері қашан таусылатынын да ешкім дөп басып айта алмай отыр.

 

1971-жылы орын алған апаттан кейін геологтар ондағы газ бірнеше күннің ішінде жанып бітеді деп болжаған еді. Алайда, көріп тұрғанымыздай, кратердің жалыны қырық жылдан бері өшпей тұр.

 

muslim.kz/

 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ
    12 Ақпан, 15:37
    Кесене кезген елес...
    10 Ақпан, 11:57
    Киіктің киесі...
    6 Ақпан, 10:32
    Тозақ қақпасы
    16 Қаңтар, 12:22
    "Жылан" бала
    15 Қаңтар, 11:25
    Ауылды кезген әруақ...
    10 Қаңтар, 12:31
    Тарғыл мысық
    5 Қаңтар, 10:21
    «Тораңғылы» сиқыры

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30