Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Тұңғышбай Ешеннің құдіреті

  • russian.eurasianet.org

    russian.eurasianet.org

Екі облыс біріккеннен кейін, іссапармен Семей өңіріне жиі шығып тұрдық. Осындай бір сапарда   Бөрілі ауылында болып,  ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйін тамашалап, Бекен Исабаев есімді қариямен  жаздың қысқа таңын әңгімемен атырғанымыз бар.

 

Бекеңді Семей жұрты  «Абай елі  мен Абай жерінің тірі шежіресі» дейді екен. Бекең аңыз-әпсаналардың да майын тамыза әңгімелейді. Солардың бірін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім.

 

Тобықты елінде Құнанбайдан төрт-бес жас кішілігі бар Тұңғышбай Ешен деген ислам қағидаттарын өз бетінше оқып-білген, шариғат заңын берік ұстанған аса діндар адам болыпты. Оны жұрт көзі тірісінде-ақ піріміз, әулиеміз деп таныпты. Қазақ әулиелік, көріпкелдік, емшілік сияқты ерекше қасиеттер дарыған адамды ешен деген ғой. Содан да оның  Тұңғышбай атына Ешен сөзі қосарланыпты.

 

Бірде іргелес Керей елінің бір байының келіні босана алмай қиналып, Тұңғышбай Ешенді шақыртыпты. Әулие «иә, Алла!» деп босаға аттаған сәтте келіншек жеңілдеген екен. Ешен қайтуға айналғанда, әлгі байекең: «Ешеке, қазір күз мезгілі ғой, алдыңызға бір-екі қошқар салсам деп отырмын» депті. Мұны естіген атқосшысы айдап жүру қиынға түсетінін айтып, шыр-пыр болыпты. Ешен болса, байекеңнің қолын қайтармайық дегенді айтып, атқосшысын сабырға шақырыпты. Қосақталған екі қошқар бір-біріне айбат шегіп, жүрмеуге айналғанда: «Өй, хайуандар, жолға түсіңдер!» деп Ешекең тобылғы таяғын сілтеп қалғанда, қошқарлар алдарына түсіп алып, томпаңдай жөнеліпті.

      

Жол үстінде кешкі бесін намазы жеткенде аттарын тұсап, екеуі намазға енді жығыла бергенде, аяқастынан бір дәу көкжал қасқыр қошқарларды қуа жөнелмей ме?! Атшысы тұра ұмтылмақ болғанда, Ешен қозғалмай отыра бер дегенді  қабағымен танытады. Қасқыр екі қошқарды сол қуған бойда бел асырып әкетеді. Содан екеуі қайта атқа қонып, бірнеше кезең асқаннан кейін, бір-біріне қарсы қарап, тартысып тұрған екі қошқарды көреді. Жақындап келіп қараса,  жаңағы көкжал екі қошқарды қосақтаған жіпке буынып, өліп қалған екен дейді. 

      

Ал мына бір әңгіме аңыздан гөрі болған оқиғаға көбірек ұқсайды. «Абай жолы» эпопеясындағы әйгілі Базаралы мен Тұңғышбай әулиенің қыстаулары бір-бірінен онша қашықта болмапты.

   

Бір жылы күзде Базекең Ешеннің әулиелігін сынамақ болып, жалғыз қара шолақ сиырын айдатып алып, қорасына қаматып тастайды. Одан кейін бір кісісін Ешеннің үйіне арнайы жіберіп,  әулиенің бар сөзін тыңдауды, естігенін өзіне бұлжытпай айтып келуді бұйырады. Базаралы кісіcі ертеңінде келіп, Ешеннің кешкі намазда: «Ей, Алла, Базаралы жанға тауфих бере көр!» деп бата жасағанын жеткізеді. Осыны естіген бойда Базекең  бір атты қосағына алып, Ешеннің қыстауына келіпті.  Ол ат-шапан айыбын  өтеп, әулиенің аяғына жығылған екен.

 

 

Мұрат Әміренов, Өскемен

alashainasy.kz




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 17:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 10:11
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша, 09:41
    Қабірдегі қорған...
    15 Қараша, 09:48
    Айнадан көрінген елес
    12 Қараша, 09:26
    Өзге әлем...
    5 Қараша, 11:03
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан, 17:07
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан, 23:55
    Өлім деген не?
    14 Қазан, 19:28
    Өлімнің иісі...
    9 Қазан, 11:03
    Әруақпен жүздесу...
    30 Қыркүйек, 17:14
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек, 18:18
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31