Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Үш балалы әйел күйеуімді дуалап алды

  • © v-v.su

    © v-v.su

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман, аяулы, қыз-келіншектер! Мен де өз басымнан өткен жайтты айтып берейін. Былтыр осындай уақытта мені алып қашып кетті. Содан келісіп, алдымен құдалық, жазда тойымыз болды. Өзім бір жағынан оқып жүріп, жұмыс та істейтінмін. Күйеуім де жұмыс істейтін.


Тұрмысқа шыққан соң бір айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Екеуіміз тіл табысып жақсы күліп ойнап жүретінбіз. Күйеуім көп сөйлемейтін, үндемейтін адам болатын. Күзде сабағымыз басталды. Ол да мен де 4 курста университетте оқитынбыз. Күйеуім екеуміздің сабағымыз түске дейін болатын, содан кейін мен өз жұмысыма кететінмін. Ал күйеуім досымның үйінде боламын дейтін.Мен соған сеніп қала беріппін. Сөйтсем күйеуім өзінен 6 жас үлкен 3 баласы бар əйелмен жүрген екен.


Мен босандым, қыз тудым. Күйеуіме звандап шақырдым, мені перзентханадан шығарып үйге əкелді. Содан кейін көп ұзамай аяқ астынан "мен бұл үйде тұрмаймын, мен сені жақсы көрмеймін, мама папасына мен сендердің балаларың емеспін" деп кетіп қалды. Мен жаңадан босанып келгем, тіпті не істерімді білмей қалдым. Біраз күннен кейін күйеуімді əрең таптық. Ана əйел арқылы.


Сөйтсек күйеуім сол əйелдің балаларын қарап үйінде отыр екен, ал ол əйел болса өзі жұмыста екен. Ата-енем күйеуімді қол аяғын байлап үйге əкелді, күйеуім болса үйге келіп мен кетем, кетпесем, мені жібермесеңдер үйді өртеп кетем деді. Мынаның басын оқытқызып алған деп күйеуімді мама, папалар бір емшіге апарды сонда емші бұны жіберіңдер, жібермесеңдер бұл біреулеріңе қол жұмсайды, бұның басы істемейді, көзі ешнəрсені көрмейді деп айтты. Ана əйел басын дуалап тастаған, ол əйел өзі оқыған яғни қара магиямен айналысады деп айтыпты. Содан талай емшілерге барды бəрі басында емдеп береміз дейді ең соңында келгенде күшіміз жетпейді дейді


Міне, оның кеткеніне 4-5 ай болды. Звандасаң алмайды не қызына келіп көрмейді не істеп жатқан жұмысы жоқ, 4 жыл оқыған оқуы да қалды. Мен осы емделіп үйге келетін шығар деп өз мама папаларымада айтпаған болатынмын. Ана əйелге талай рет ата-енем звандап та айтты, ұрысты да мен ешнəрсе білмеймін, мен жасайтынымды жасап алдым деп телефонды қоя салады. Енді ол əйел ажырас деп жатқан сияқты. Осыдан бір апта бұрын күйеуім звандап сенімен ажырасам, алимент төлеймін деп құжаттарды əкел деп звандады. Мен оған ойланшы, ажырасу оңай ма, сені ана əйел оқытқызып алған десем оны ұғып тұрған жоқ. Түрінен түр жоқ, үсті кір-кір болып жүр. Содан екеумізде ажырасуға арыз жазып өткізіп қойдық. Мен мамама аға əпкеме айттым бар жағдайды. Үйге келіп сөйлесіп мен бұл үйде тұрмаймын кетемін деп айттым. Тəтем енді мына қызға көмектесіңдер, баласымен квартираға шығарыңдар ең болмаса бір жыл бала жасқа толғанша деп, ол күйеуінен пайда да жоқ не жұмыс істемесе алиментті қалай төлейді деп сенбейміз деп айтты. Еее, тағдыр деген осы екен ғой. Бір Алланың қолында. Енді не істеймін, білмеймін. Жақындарым, туысқандарым аман болса бұл қиыншылықтардан əлі ақ жеңіп шығам деп ойлаймын.




Аноним


alashainasy.kz/




Көрілген: 2391    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.06.2019, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31