Жетісу жетістіктері

Алматы облысы қарқынды даму үстінде

  • © kznews.kz

    © kznews.kz

Алматы облысы дамуы жағынан басқа облыстардан оқ бойы озық келе жатқан аймақ. Қай салада болмасын дамуы жағынан айтарлықтай ілгерілеуішілік байқалады. Облыс әкімі Амандық Баталов мырзаның осы жылдың алты айлық кезеңінің қортындысы бойынша берген есебіне сүйенсек, экономикалық өсімның арқасында халықтың да әлеуметтік жағдайы көтеріліп келе жатқаны байқалады.


Облыс әкімінің мәліметінше, биылғы жылдың алты айлық кезеңі мен өткен жылдың осы кезеңін салыстырмалы түрде айтатын болсақ, есепті кезеңде ет өндіру – 3,5 процентке, сүт - фармацевтика, дайын металл бұйымдары-20 процентке өскен көрінеді. Осы аймаққа жыл басынан бері 223,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 5,5% құраған. Атап айта кетерлік жайт, өсімнің тең жартысына жуығы – шикізаттық емес секторда екен. Жалпы көлемнің үлесінде бюджетік емес инвестиция 80%-ке жеткен, ал оның 24 млрд. теңгесі – шетелдік инвестиция.

Республикада көлемінде жүзеге асырылып жатқан 16 жобаның тоғызы Алматы облысынң үлесіне тиеді екен. Өткен жылы екі өндіріс нысаны іске қосылса, биыл тағы екі нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Атап айтқанда, майлау материалдарын шығаратын, қуаттылығы жылына 100 мың тонналық ресейлік «Лукойл» компаниясы. Аталмыш өндіріс орнына– 27,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, 200 жұмыс орныашылған. Біріккен Араб Әмірліктерінің қоспа жем шығаратын, қуаты жылына 60 мың тонналық «Феникс» зауыты да өткен жылы іске қосылған. Оған – 4,8 млрд. Теңге инвестиция тартылып, 87 адамды жұмыс орнымен қамтыған. Жалпы Алматы облысынан түрлі бағыттағы жұмыс орны ашылған. Соның дәлелі өңір халқының көбінесе жергілікті, қолжетімді азық-түлік тауарларымен қамтылуы деуге болады. Қолайлы ауа-райы, хадықтың тығыз орналасуы сұндай өндіріс орындарының дамуына қолайлы жағдай туғызған. Суармалы егіншілікті дамыту, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, ет-сүт мал шаруашылығын дамыту сияқты маңызды бағыттар бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көңіл бөлінген. Сонымен қатар облыс әкімі Амандық Баталов Индустриалды инновациялық даму, «Нұрлы жер», «7-20-25», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестік жол картасы», «Еңбек» секілді мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына да өз үлесін қосып келеді.

Облыстағы шағын және орта бизнестің облыс экономикасына қосып отырған үлесі де айтарлықтай. Бұл сала жалпы өңірлік өнімнің 27,3%-ін құрап отыр. Бүгінде өңірде 123 мың ШОБ субъектісі болса, онда 245 мың адам еңбек етіп жүр. Ал олар шығарған өнім мен көрсетілген қызметтің жылдық көлемі 1,3 трлн. теңгеден асқан. Қазіргі таңда өңірде сәтті жүзеге асып жатқан жол жөндеу, ауыз сумен, газбен қамту мәселелері де уақытылы, кезең кезеңімен жүзеге асуда. Сонымен қатар Алматы облысында жастар жылына қатысты қолға алынған шаралар да жетерлік. «Ауыл – ел бесігі» жобасының орындалуы, халықтың әл-ауқатын көтеру қадамдары, білім мен денсаулық, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары облыс әкімінің назарынан тыс қалған емес. Сондықтан Алматы облысының, жер жаннаты Жетісу өңірінің әлі де болса көркейіп, қанатын кеңге жайып өркендейтін кезеңі алда деуге болады!

Қуаныш Ермекова




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 10:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30