Жетісу жетістіктері

Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөлінген

  • Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөлінген

    Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөлінген

Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөлінген. Соның арқасында шағын кәсіпорындар өңірде көптеп ашылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сапалы өнімдер өндіруде. Атап айтсақ өткен жылы Талдықорғанда «Сана» халықаралық жеке корпорациясы» ашылған болатын. Ол осы өңірдегі құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін алғашқы ірі зауыттардың бірі. Бүгінде оның өнімдері облыс орталығында жоғары сапасымен ғана емес, басқа ұқсас өнімдермен салыстырғанда бағасының едәуір арзандығымен де ерекшеленеді.

Шілденің аптап ыстық күндерінің бірінде зауыт цехына жолымыз түсті. Зауыт жұмысшылары қарбалас тірлік үстінде. Күніне 50 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын екі автоматты желі сақылдап жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын құрылғаннан бері осында жұмыс істейтін Бауыржан Сейіткерімов пен Ермек Әбдікәрімов өндірістің барлық құпияларын бес саусағындай біліп алған. Сондықтан барлық шаруаларды тыңғылықты атқарып, еш нәрсені қалт жібермейді. Ал, тәжірибелі технолог Илья Григорьев өнімге қосылатын қоспалардың рецептке сәйкес дәл болуын жіті қадағалап өндіріс барысын бақылау үстінде.

Бұл зауыттың өнімдері Германия мен Швейцарияның бірегей технологиясымен жасалынада. Сондықтан өндірістің басты өнімдері цемент пен гипс сылақтарға қосылатын қоспалардың, плитка желімінің, құйылмалы еденнің, тегістеп және әрлеп сылауға арналған заттардың барлығының сапасы жоғары деуге болады.

Кездесу үстінде 25 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпкер, серіктестік директоры Сайлау Ахметжановтан «Сіздердің зауыт өндіретін құрылыс қоспаларының танымал брендтерден айырмашылығы неде?» – деп сұрадық.

«Біздің өнімдеріміздің сапасы жоғары болуының сыры – біз оларға шикізат ретінде Өзбекстанда өндірілетін медициналық гипсты қосамыз. Бұрынғы Кеңес одағының өзінде бұл шикізат тек сол жақта ғана өндірілетін. Ол басқалардан өзінің ерекше аппақ болуымен өзгешеленіп тұрады. Сондай-ақ Текелінің мәрмәр ұнтағын қолданамыз. Жалпы біз пайдаланатын шикізаттың 80 пайызы өзіміздің отандық өнімдер», – деп атап өтті компания басшысы.

Бүгінгі таңда зауыт он екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыру үшін екі ауысымда жұмыс істейді. Компанияның өнімдерін әйгілі құрылыс дүкендерінің сөрелерінен көруге болады.

Мұндай өндірістердің ашылуы мемлекетіміз үшін өте маңызды. Сондықтан да елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының іске қосылғаны белгілі. Бұл бағдарламаның басты міндеті – орта және шағын кәсіпорандарға немесе кәсібін енді бастағандарға қолдау көрсету. Сондай-ақ бұл жоба азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа керекті құрал-жабдық сынды күнделікті тұрмысқа аса қажет заттарды өндіретін кәсіпорындарды қолдау мақсатында қолға алынған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін отандық кәсіпорындарға қолжетімді несие берудің шарттары қарастырылған. Елімізде бұл жобаны қолдау үшін 600 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлінген.

Тағы бір айта кетерлігі, жергілікті Кәсіпкерлер палатасы «Сана» халықаралық жеке корпорациясын» отандық тауар өндірушілердің тізіміне енгізіп және мемлекеттік бағдарламаларға қатыстыру арқылы қолдау білдіруді жоспарлап отыр.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 20:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30