Дильназ Камалова:"Жобаны одан әрі дамытқым келеді"

Дильназ Камалова:"Жобаны одан әрі дамытқым келеді"

Шыны керек, халқымыз денсаулықты күтуге келгенде тым салғырт. Тіпті дәрілерін уақытылы ішіп, орнымен қолдануды да құнттай бермейді. Осыған орай денсаулық сақтау саласының мамандары бірнеше жыл бұрын «халқымыздың 90 пайызы дәріні өз бетінше қолдана береді. Арнайы дәрігер кеңесіне құлақ аспайды» деп дабыл қаққан болатын. Артынша дәрі-дәрмекті дәріханадан дәрігер нұсқауынсыз сатпау секілді шаралар қабылданды. Дегенмен әлі де болса халқымыздың денсаулыққа, дәріге деген қарым қатынасы алаңдатарлық жағдайда. Осы бір олқылықтың орнын Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дильназ Камалованың ойлап тапқан ақылды дәрілік қобдишасы толтыратын секілді. Өйткені дәріні қолдану кезінде ескере бермейтін қағидаларды аталмыш дәрілік қобдиша «еске салмақ». Негізі ойлап табылған дүниенің халыққа пайдасы бар, сұранысқа ие нәрсе болғаны қандай жақсы. Қызығушылығымызды оятқан «ақылды дәрілік қобдишаның» иесін іздеп таптық.

- Жақында ғана «Медикаментоздық қашықтан бақылауға арналған ақылды қорапша» жобасына патент жеңіп алыпсыз. Құтты болсын! Жоба туралы айтып беріңізші...

- ­­ Бұл қорапшаның есімі Sequence (ағыл. «жүйе»). Бұл қорапша созылмалы ауруға шалдыққан науқасқа дәруменін уақытылы қабылдауға көмек көрсетеді. Бұл құрылғымен бірге жүретін мобильді қосымша бар. Науқастың туған-туысқандары осы мобильді қосымша арқылы ескерту қояды. Уақыт келген кезде науқас визуалды және аудио сигнал ретінде осы ескертулерді қорапшадан көріп, дәруменді қабылдаған сәтте немесе қабылдауды ұмытқан сәтте, қате дозаны қабылдаған кезде, туысқанына мобильді қосымша арқылы ескертулер жібереді. Жобаның ерекшелігі оның созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға көрсететін көмегінде болып табылады. «Sequence» қобдишасы науқастар мен олардың жақын адамдарын, дәрігерлерін байланыстырып, емдеуіне бірыңғай мониторинг жасауға көмек береді. Қобдиша сенсорлар мен микроконтроллермен жабдықталған және мобильді қосымша арқылы науқастың іс-әрекеттерін бақылау арқылы жақын адамдарына онлайн түрде ескерту хабарламаларын жіберіп отырады.

@baribar.kz

- Сонда негізгі қызметі қандай бұл жобаның?

- Алдымен мен осы жобаны досыммен бастадым. Қазір оны өздігімше дамытудамын. Басында біз бұл қорапшаны альцгеймер ауруына шалдыққан адамдарға деп ойладық. Себебі олар дәрумен қабылдауды ұмытып қалуы мүмкін. Алайда уақыт өте біз тек альцгеймер ауруы ғана емес, созылмалы аурулар, диабет, астма секілді ауруға шалдыққандардың да қабылдайтын дәрумен саны өте көп және ұмытып кетуі мүмкін деген ойды қорыттық. Сондықтан жалпы науқастарға ыңғайладық. Негізгі қызметі - созылмалы ауруға шалдыққан немесе күнделікті өмірде тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын адамдардың емін уақтылы алуына көмек көрсету болып табылады. Смарт дәрі қобдишасы негізінен дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауды ұмытып кететін жандарға арналады. Осылайша дәріні қандай дозада, қашан ішу керегін үнемі ескертіп тұрады. Дәрігерлердің жұмысын жеңілдететін құрылғы жақынына жанашыр болғысы келетін жандарға да таптырмас құрал. Науқастар осы қобдишаның көмегімен дәрінің режимін сақтап, денсаулықтарын қалыпта ұстай алады. Ақылды дәрі қобдишасының тағы бір ерекшелігі, оны қол сөмкесіне салып, өзіңмен бірге алып жүруге өте ыңғайлы. Жобаның мобайл қолданбасы да бар: адам дәріні қорапқа салған соң ұялы телефонына қолданбаны жүктеп, дәріні қабылдау уақыты мен жиілігін белгілейді. Сәйкесінше дәрі ішу керек кезде қобдиша жарқырап, дыбыс шығарып сигнал береді.

- Келешекте қандай арманыңыз бар?

- Болашақта Қазақстанды ғылым саласында өз орнын таба алады деп сенемін. Сонымен қатар, жас қыздардың STEM және робототехника салаларында өздерін еркін сезініп, жетістіктерінің санының артқанын қалаймын.

- Дәрілік қобдишаны ойлап табудағы негізгі мақсаттарыңыз қандай ?

- Қобдишаны ойлап тапқан сәттегі негізгі мақсаттардың бірі - өз қолыммен адамдарға көмек бола алатын құрылғыны құрастыру болатын. Қазір жобаны одан әрі дамытқым келеді.

 

P.S. Дильназ Камалованың «Ақылды қобдиша» жобасы Google Science Fair жарысында «Үздік 20 идея» қатарына енген. Алдағы уақытта жас өнертапқыш құрылғыны одан әрі дамытуды да мақсат етіп отыр. Демек жетілдірілген дүние халықтың сұранысына барынша ыңғайлы болмақ. Өнертапқыш Дильназ «Мысалы, басқа қалада тұратын ата-әжеңіз дәрі ішуді ұмытып кете береді делік. Үнемі қоңырау шалып немесе хат жазып, «дәріні ішті ме, ішпеді ме» деп тексеріп отыруға уақытыңыз болмауы мүмкін. Осындай жағдайда қобдиша белгі беріп, не істеу керек екенін еске сала алады. Ал сіз телефондағы қосымша арқылы науқастың қобдишадан дәріні алған-алмағанын, ішкен-ішпегенін бақылайсыз. Қажет болса хабарласып қадағалап отырасыз, – дейді. Тұрмысымызға қолайлы құрылғының маңызы зор екені байқалады. Бүгінгі күні адамзаттың денсаулығына тікелей қатысты болып отырған жоба мемлекет тарапынан да қолдауға ие болып, тезірек қолданысқа енсе игі!

Қуаныш Ермекова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста