Гендерлік саясаттың қоғамдағы алатын орны

Гендерлік саясаттың қоғамдағы алатын орны

Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен көзқарастар, стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі бүгінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір cүрудің жолдарын іздеу аса маңызды. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың қажеттілігі туындайды. Өйткені ер мен әйелдің қоғамдық рөлі жайлы ұғым мен ұстаным ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады.

Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни қырлары бар.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі – гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіре түсті.
Қазіргі таңда әлемде әйел бейнесін жаңа өркениет негіздерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын зерттеуі қажет. Ал енді сол мәселенің түп тамырын білу үшін жалпы гендер деген не, ол қайдан шықты және оның қазақ қоғамындағы болып жатқан үрдістерге әсері қандай екенін қарастыру қажет.
Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Танымал ағылшын социологы Энтони Гидденс «Социология» атты еңбегінде: «Гендер дегеніміз – еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері» деп анықтама беріпті Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.
Өз елімізге келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс белгісі бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.
Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Әйтсе де, қазақ қыздарының бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай?
«Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», - деп жазған екен Карл Маркс. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламентінде тек 26 әйел бар. Бірде-бір әйел-облыс әкімі жоқ, барлығы 5 әйел ғана облыс әкімінің орынбасары, 2 әйел аудан басқарады. Аудан әкімдері орынбасарларының ішінде тек 17% әйелдер, ауыл және кент округтері әкімдерінің 11% әйелдер. Биліктің ең жоғары эшелонында – ел үкіметінің құрамында – 3 әйел министр, 1 – Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары, 4 – жауапты хатшы, 2 – вице-министр бар. Жалпы, бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің үлесі бар-жоғы 10,3% құрайды. Қазақстанның статистика агенттігі 2005 жылы мемлекеттік қызметкерлердің 57 пайызы - әйелдер деген мәлімет таратқан. Қазақстандағы әйелдердің еңбекақысы ер адамдарға қарағанда 40 пайызға кем. Әйелдер құқын қорғау жөніндегі ұйымдардың мәліметі бойынша әйелдер тек орташа қызметтерде көпте, ал, басшылар қатарында аз. Гендерлік саясат саласындағы кейбір мамандардың пікірінше, Қазақстанда Шығыс дәстүрін сылтауратып, әйелдерді жынысына қарап кемсіту, бар, деп есептейді.
Реформа жылдарында әйелдердің экономикалық белсенділігі айтарлықтай арта түсті. Өндірістің әртүрлі салаларында үстіміздегі жылы 3,6 млн. әйел жұмыс істеген. Олар бүгінде халықтың экономикалық белсенді бөлігінің шамамен жартысын (48,9%) құрайды. Әйелдердің жұмыссыздығы төмендеп келеді, бірақ әлі күнге маңызды проблема болып қалуда (2006 жылғы үшінші тоқсанда 8,8%-дан артық), ол елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейінен (7,5%) артық. Осыған байланысты ҚР халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану болып табылады. 2006 жылы республиканың жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 138,7 мың жұмыссыз әйелдің жартысынан көбі жұмысқа орналастырылған (96,9 мың адам). Әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шаралар қабылдануда. 2006 жылы оқуды 14,2 мың әйел аяқтаған, 4,1 мың әйел қайта дайындықтан өткен, 700-ден астам әйел екі аралас кәсіпті меңгерген. Оқыған әйелдердің 11,3 мыңы жұмысқа тұрған, солардың ішінде 196 адам өз кәсіпкерлік істерін ашқан. Қоғамдық жұмыстарға 75,5 мың әйел қатысқан.
Қазіргі таңда жалданып жұмыс істейтін әйелдерге туылған балалардың жалпы санының үштен біріндейі тура келетінін ескере отырып, Кодекстің ерекше ережелері жүкті әйелдер мен бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің құқықтарын қорғайды. Әйелдердің орташа жалақысының деңгейін көтеру және оның еркектердің орташа жалақысына қарағанда қалып келе жатқанын түзеу мемлекет саясатының маңызды бағытының бірі болып табылады.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша республикада әйелдердің орташа айлық номинал жалақысы 2005 жылы 25564 теңгені құраған және 2003 жылмен (17304 теңге) салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Алайда жалақы мөлшері әлі күнге дейін еркектердің еңбек ақысы деңгейінің 60%-ынан сәл-ақ артық. 
Ойымды қорыта келе, мен осындай мәселелерге көңіл бөлу керектігін түсіндім: біріншіден, қоғамдық сананы түбегейлі трансформациялау, бір жыныстың екіншісінен артықтығы және басымдылық идеясымен байланысты гендерлік стереотиптерді түбірімен жою. Екіншіден,гендерлік өзіндік сана мен ерлердің және әйелдердің өмірлік практикасы ерекшеліктерін ескере отырып құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік теңдігі принципіне негізделген мінез-құлық үлгілерінің жаңа модельдерін қалыптастыру . Қазақстан өзіне алған халықаралық міндеттемелерін біртіндеп және кезең-кезеңімен орындауда. Дейтұрғанмен, Қазақстанға бұл бағытта әлі де жұмыс істеу қажет, ең алдымен бұл заң шығармашылық жұмыс: ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, Қазақстан қосылған халықаралық құжаттарды ратификациялау, басқа елдердегі реформалаудың (мысалға, әкімшілік, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, сот) неғұрлым сәтті тәжірибелерін біздің өмір шындығымызға барынша жақындата отырып қабылдау.
Қазақстанның халықаралық құқық пен халықаралық міндеттемелердің жалпыға бірдей принциптері мен нормаларын орындауы – бұл мемлекеттік гендерлік саясаттың міндеттерін іске асыру және мемлекет тіршілігінің барлық салаларындағы ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік кепілдікті сақтау құралдарының бірі.

 Аскарова Айгерим Касымхановна

Медеу ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста