Гендерлік саясат

Гендерлік теңдік дегеніміз – әйелдің билікке таласуы деген сөз емес...

  • Гендерлік теңдік дегеніміз – әйелдің билікке таласуы деген сөз емес...

    Гендерлік теңдік дегеніміз – әйелдің билікке таласуы деген сөз емес...

 Гендерлік теңдік Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы саясатының өзекті қырларының бірі. Гендерлік саясат- ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуіне бағытталған мемлекет және қоғамның қызметі. Барлық қоғам өмірінің салаларында, гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды. 2016 жылы 6 желтоқсанда қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Елбасының қаулысы шықты.

2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша жер-жерде түрлі шаралар мен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ тұжырымдамада көтерліген мәселелерді шешуге қатысты түрлі ұйымдар мен институттар жұмыс істеуде. Осындай институттардың бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты. Бұл институт төрт бағдар бойынша жұмыс істейді: Біріншісі - гендерлік саясат, екінші - гендерлік зерттеулер, үшінші – отбасы және отбасылық құндылықтар мен гендерлік білім беру.

«Гендер» деген сөзі көп адам дұрыс түсіне бермейді. Көншіліктің түсінігінде бұл термин көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады. Ал Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтынің директоры, философия ғылымдарының докторы Зәмза Мұқашқызы Қодардың айтуынша, шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы. Ғалым бүгінде этногендерология саласы жайлы жиі сөз қазғап жүр. Ол осы саланы зерттей келе, әр ұлттың өзінің гендері бар дегенді назарға алғанын айтады.

Зәмза Мұқашқызы Қодар Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының докторы: – Біз қазақы салт-дәстүрінен, тарихынан тарихынан тартып, бұл саланы терең зерделеуіміз керек. Әр ұлттың өз менталитеті бар, біздің де өз менталитетіміз бар. Жалпы, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы ғой. Ал қазақта ер мен әйелдің қарым-қатынасы қандай болған, ер адамды сыйлау, үлкен адамды құрметтеу, қыз тәрбиесі тағы басқада құндылықтарды осы этногендерология арқылы көрсетеміз. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды. Меніңше, олай емес, айтын дегенім қазақ халқының өз гендері бар. Біздің мақсатымыз соны зерттеп жас студенттерге көрсету. Ал ол өз кезегінде отбасы құндылықтарын сақтауға үлкен көмек болмақ.

Бірақ өз менталитетімізге байланысты қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазір көп отбасыларда түрлі жағдайлар боп жатады. Неге олай болып жатыр, неге ажырасу көп, неге қазір қыздар тұрмысқа шыққысы келмей бала туып жатыр, қарттар үйінде қаншама біздің аталарымыз, әжелеріміз бар. Соның бәрі зерттеуді қажет етеді.Оның шешу жолдарын анықтау керек. Кеше ғана статистикалық мәлімет шықты ер адамдардың 30 пайызында бала болмайды екен. Отбасылардың16 пайыз ЭКО-ға жүгінеді екен. Не үшін осындай жағдай қалыптасып отыр? Бұрын олай болмады ғой. Осындай мәселелердің шешімін табу керек. Қазір гендерлік отбасылық саясат концепциясы дейміз. Яғни отбасын қосып отырмыз. Өйткені бәрін отбасынан бастау керек.

Бұрын әйел адамның мәселесі айтылып келсе, қазір ерлер мәселесі де көтеріліп отыр. Оларға арнап арнайы тексеру кабинеттерінің ашылуы, 25 мың адамды алып зерттегеннің өзі стратегияның арқасы.Енді міне концепция. Ал саясатта бұрын қыздар көп болмап еді, енді жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Мемлекеттік қызметтегі әйелдер 55 пайызға жетіпті. Бірақ екінші мәселе билікте көбіне ер адамдар. Стратегия маңызды шешім шығаратын жаңағы биліктегі әйелдерді кем дегенде 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.Еліміздің бір, екі облысында мысалы Қостанайда бұл көрсеткішке қазірдің өзінде жеткен екен. Ал басқа облыстарда төмен.

Зорлық зомбылыққа ұшыру, суйцидке бару деген көбейіп кетті. Ол қазір қатты көтеріліп жатыр. Ол біздің гендерлік саясатымызға кіреді, оны талай зерттедік. Талай семиналарлар өткізіп жатырмыз. Ішкі істер саласының арнайы мамандары келіп дәріс береді біздің қыздарға. Өте көп қызықты сұрақтар қояды қыздар. Қазір кризистік орталықтар бар. Оны кейде біздің қыздар білмей қалуы мүмкін. Зорлық-зомбылық ол тек күйеуі ұрып тастау ғана емес қой.Қоғамда да зорлық көруі мүмкін ғой.Сондықтан қыздар кез келген жағдайда өз құқықтық жағынан қорғай білу керек.

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2030 жылға дейін белгіленген. Оның шұғыл шешуді қажет ететін ең басты өзекті мәселелері мынадай:

Ажырасу және некесіз бала туу үрдісінің өскені байқалады. Шамамен әрбір үшінші неке ажырасуда. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың ажырасу үлесі көбейді. Толық емес отбасылар саны артуда. Ер адамдардың гендерлік жағдайдағы еркіндігі әкелердің бала тәрбиесіне аз қатысуына және баланы асырауға алимент төлеудегі проблемаға әкеп соқтырады. Баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлердің осы уақытқа дейін осындай жағдайдағы әйелдер иеленетін құқықтары жоқ. Әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету процесінде ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне қатысты қоғамдағы қатып қалған таптаурындардың болуы әсер етеді.


Айым Нұр 




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.10.2018, 23:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31