Жетісу жетістіктері

Жетісудың қауын-қарбызы ресейліктерді қарқ қылуда

  • Жетісудың қауын-қарбызы ресейліктерді қарқ қылуда

    Жетісудың қауын-қарбызы ресейліктерді қарқ қылуда

 Жетісу өңірінде Балқаш ауданы балығымен, Жаркент жүгерісімен, Алматы апортымен мақтанса, Айдарлы мен Бозойдың атағы қауын-қарбызбен шыққан. Биыл Айдарлыда қарбыз бұрын-соңды болмаған жеміс беріп, шаруалар әр гектардан 50 тоннаға дейін өнім теріп жатыр. Сонымен бірге жусанды дала саналатын аймақта мал саны да артып келеді.


Өткен жылы жергілікті қожалық асылтұқымды қой шаруашылығын ашқан. Соның нәтижесінде сан мен сапа да жақсарып келеді. Айдарлы ауылы Алматыдан 150 шақырым шалғайда, Қарағанды мен Алматыны жалғайтын республикалық тасжолының бойында орналасқан. Топырағы құнарлы, бірақ табиғаты қатаң аймақ. Сарыарқа мен Жетісудың түйіскен жерінде мал азықтық изен шөбі және жусанның 5 түрі өседі. Сондықтан өңірде малға өріс кең. Өткен жылы жергілікті шаруа қожалығы Қарағандыдан асылтұқымды «Сарыарқа» қойын сатып алған. Қазір қой саны 2 мың 800 басқа жетті. Мақсат біреу – ұсақ шаруа қожалықтардың басын бір кооперативке біріктіріп, малды асылдандыру.


Саламат Алданов, Айдарлы мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі:


– Бұлардың еті мен жүні бірдей. Жүнінде қылшығы көп болады. Сол үшін біз 5 жыл болды, жақсы сапалы қозы, сапалы мал еті өнімін алып жатырмыз. Жалпы Алматы облысында Айдарлы мен Бозой ауылдары ең алдымен қауын-қарбызбен танымал. Тамызда Айдарлы алқаптарында 55 градустық аптап ыстықта қарбыз ешқандай селитрасыз табиғи таза күйінде піседі. Дәмі тіл үйірер жеміс ыстық күні шөліңізді басып, асқазан мен бүйрегіңізді тазалайды. Жергілікті бағбан Бақтияр Ескелов биыл жеміс жылдағыдан мол шыққанына қуанышты.


Бақтияр Ескелов, Айдарлы ауылының тұрғыны:


Гектарына орташа есеппен 30-40 тонна. Биыл 1,5 гектардан жақсы 60 тоннадай өнім берді. Биыл шаруа 55 гектар жерді толық игеріп, картоп пен жүгері де еккен. Ал теңкиген теңбіл қарбыздар күн сайын допша үрленіп өсіп келеді. Жалпы мұнда қарбыздың 6, қауынның «Гүрбек», «Мырзашөл» атты 8 түрі өсіріледі. 50 гектарлық бұл алқап жылына шамамен 10 рет суарылуы тиіс. Алайда судың тапшылығынан ол биыл екі-ақ рет суарылған. Су мол болса, өнім де мол. Соған сәйкес қарбыздың көлемі де салмағы да ұлғаяды. Мысалы, былтыр шаруалар дәл осы алқаптан салмағы 40 келі болатын қарбыз алған. Бақташы малдың, ал бағбан қауын мен қарбыздың үлкейгеніне қуанады. «Алайда судың аздығынан бау-бақша көлемін ұлғайту бекер. Әйтпесе қарбыз алқабын 200 гектарға жеткізуге болады», – дейді Бақтияр диқан.


Алқапқа Күрті су каналы да алыс емес. Бірақ арықтар бітелген, тоғандар суға толмаған. Арық арналарын қалыпқа келтіру үшін қомақты қаржы керек. Ал ол – республикалық су ресурстары комитетінің құзырындағы мәселе. Дегенмен биыл өнім түсімі қуантады. Ішкі нарықтан тыс сырттан да сұраныс азайған емес. Жыл сайын Айдарлыны әйгілі әңгелегі мен қарбызы тонналап Ресейге жөнелтіліп жатыр.


 




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 01:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30