Ғибрат

Сенат сайлауына республика бойынша 53 үміткер тіркелді

  • ©Тұрар Қазанғапов

    ©Тұрар Қазанғапов

 1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына байланысты үміткерлерді тіркеу аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап.


Сенат сайлауының 16 мандатына Астана мен Алматы қаласы және 14 облыстан сайлау комиссиялары 88 үміткердің тек 53-ін ғана тіркеуден өткізген. Еліміздің бес аймағында бір орынға бес адамнан келетін болса, қалған облыстарда үш адамнан келеді. Ұсыну кезінде үміткерлердің 18-і сайлау додасынан шығып қалды. Шарт бойынша қажетті мерзім ішінде құжатын тапсырмаған 17 үміткерді тіркеуден бас тартылды.


"Барлық аймақ бойынша тіркелгендердің тек екеуі ғана - әйел адам. Ал мамандық бойынша 21 инженер, тоғыз ауыл шаруашылығы қызметкері, сегіз экономист, сегіз дәрігер, төрт оқытушы, бір заңгер бар", - деді Ләззат Сүлеймен.


Үміткерлердің төртеуі - Сенат депутаты, 22-сі - мемлекеттік мекеме қызметкері. 16-сы - коммерциялық құрылымда, тоғызы ғылым, мәдениет, білім беру денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді.


"Бүгіннен бастап Сенат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген барлық адам күнтізбелік жоспар бойынша 2014 жылдың 29 қыркүйегіне дейін сайлау алдында жүргізілетін үгітке кірісе алады. Қазір олардың барлығына сайлау алдында үгіт жұмыстарын жүргізуге тең құқық беріліп отыр", - деді Ләззат Сүлеймен Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.


Айта кететіні, БАҚ арқылы үгіт жүргізу үшін әрбір үміткерге теледидардан 15 минут, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, баспасөзде 0,1 көлемнен аспайтын екі мақала жариялауына республикалық бюджеттен тең деңгейде қаражат қарастырылған.


Сенат депутаттығынан үміткерлердің сайлау алдындағы үгіті заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Бұл орайда үміткерлер жалпы қоры 13 976 200 теңгеден аспайтын сайлау қорын құра алады




Көрілген: 2729    Пікірлер: 0

жұма, 12.09.2014, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қыркүйек 2011
    Ақылбайдың шапшаңдығы
    14 Қыркүйек 2011
    Ақылбайдың бел суы
    16 Қараша 2010
    Құттықтау!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30