Жолжелкеннің емдік қасиеті

Жолжелкеннің емдік қасиеті

1. Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай &ndash ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл-күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады.
2. Жолжелкен (Psyllіostachys) &ndash қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 &ndash 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 &ndash 4-тен масақ гүлшоғырына топталған.
3. Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатын жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см- ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты, сазды жерлерде көп өседі. Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. Қазақстанда жолжелкеннің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі.Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.
4. Жолжелкен жапырақтарының химиялық құрамы Аукубин глюкозиді ферменттер Лимон қышқылы каротин К витамині алкоид фитонцид Ащы және илік заттар Аскорбин қышқылы
5. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді. Жолжелкеннің халық медицинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады. Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар.
6. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын ұрығын,шырынын,тамырын пайдаланады. Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған. Жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді.Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына ұшырағанда береді.
7. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.
8. Жолжелкен гүлдеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр араққа салып, 10 күн қараңғы жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде сақтайды. Дәрі даяр болады. Мұны асқазан мен ішегінде жарасы бар адамдар күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді.
9. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады. Ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді.
10. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады.
11. Қақырықты түсіретін зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларында қолданады. Қақырықты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдетеді. Қан тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар. Кешенді емдеуде профилактикалық зат ретінде қолдану көрсеткіштері: қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және жазатын зат ретінде асақазан- ішек ауруларына (қышқылы төмен гастриттер, колиттер, энтероколиттер, диарея) қолданады. Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
12. Қолдануға болмайтын жағдайлар: Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік. Дайындау тәсілі: 10г (2ас қасық) шикізаты эмальды салып 200мл (1 стакан) ыстық қайнап тұрған су құяды, қақпағын жауып қайнатып тұрған суда (су моншасында) 30мин қыздырады, бөлме температурасында 10 мин. Салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.
13. Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді ( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді. Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады. Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді. Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді. Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
14. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады.
15. Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдік жолжелкенді жинап, анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, сипаттама берілді; Жолжелкен өсімдігін пайдалану жолына қарай жіктеп және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге сипаттама берілді.Сонымен бірге: Дәрілік өсімдік жолжелкеннің емдік қасиеті туралы анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға үлкен жолжелкен жатады; Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп айтуға болады, себебі; көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанымен адамдар үнемі оларды пайдалана бермейді. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктердің саны азаймау үшін оларды күтіп-баптап, химикаты көп Қазақстаннан және шет мемлекеттерде шығарылып тасымалданатын, күнделікті көгілдір экранда жарнамаланып жатқан дәрілерді қолданғанша, халықтық медицинаға сүйеніп, емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді.

www.slideshare.net

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста