Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?

Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?

Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай:
1. Бал қосылған ыстық су. Ыдыстағы 150 грамм балға (3 ас қасық) 150 грамм құмшекер, 1 литр су қосып, 20 минут орташа жанған отта қайнатады. Көбігін алып тұру керек. Сосын оған 8-10 дана қалампыр, 1 шай қасық уатылған даршын, 1-2 лавр жапырағын қосып, бір ретте 0,5 литрден, ыстықтай ішу керек.
2. Орташа 15-18 пияз қабығының үстінен 1 литрмұздай су құйып, қайнатып алу керек. Баяу отта ұстай отырып, судың жартысы жоғалғанша ұстайды. Сосын толық суытып, сүзіп алады. Бал қосып, күніне 4-5 мәрте, екі ас қасықтан ішіп тұру керек. Жөтелге, созылмалы бронхитке шипалы.
3. Бронхит бастала салысымен емдеуге кірісу керек. Мұндайда жолжелкен (подорожник) пайдалы. Қақырық түсіреді. Оның 20 грамын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырады. Осыны күніне 3-4 мәрте, 1 ас қасықтан ішіп тұру керек.
4. Жөтел, мұрын бітуі, тамақ ауыруы басталған кезде 5 тамшы йод қосылған 0,5 стакан қайнаған жылысу ішкен дұрыс. Сосын бір түйір сарымсақты асықпай шайнаса көмектеседі.
5. Шикі картоп та шипалы. 3 данасын 4-тен бөліп, үстіне 10 түйір қара бұрыш, укроп дәнін, 5 лавр жапырағын, су қосып, кастрюльде қайнату керек. Тұз қоспай, суын ішіп, картопты жесе, суықты алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста