Қан тазарту қиын ба?

Қан тазарту қиын ба?

Тибет медицинасында «Көзін тапсаң, табиғаттағы жаратылыстың бәрін емге қолдануға болады», – деген сөз бар. Бірақ ем нәтижелі болу үшін алдымен ағзаны тазарту керек дейді олар. Ағзаны тазартудың пайдасын көпшілік жақсы біледі. Ал қанды тазарту туралы дерек аз. Сондықтан біз қанды тазартудың тибеттік тәсілдерін ортаға салмақпыз.

№1 рецепт: Қан мен ағзадағы сұйықтарды ұстап тұратын бездерді, лимфа жүйесін тазартуда сүйелшөп (чистотел) таптырмас емші. Ол үшін сүйелшөпті сығып, сөлін алу керек. Оны тұндырып, сүзіп алып, 900 грамын 140 миллиграмм медициналық спиртпен араластырасыз. Дайын тұнбаны құрғақ, салқын жерде сақтаған дұрыс. Енді таңғы астан бұрын одан 1 тамшы ішесіз. Түскі ас алдында – 2, кешкі астан бұрын 3 тамшы ішеді. Осылай әр жолы 1 тамшыдан қоса отырып, 15-ке жеткізесіз. Сосын қайтадан 1 тамшыдан азайта түсіңіз. Тұнбаны қабылдаған сайын артынша 200 миллиграмм сәбіз немесе сәбіз бен қызылшаның араласқан шырынын ішіп отыруды ұмытпаңыз.

Бұл амал қан мен ағзадағы сұйықты тұздан, құмнан, майдан, артық холестериннен тазалайды. Көп ұзамай-ақ сергектік, реңіңіздің жасаруын, ұйқының жақсарғанын, жүйкенің жайланғанын сезінесіз. Буындар мен мықындағы табан, қабақтағы ісік кетеді. Ол асқазан-ішек жолдары мен бауыр-өтті де тазалап, қан қысымының қалыпқа келуіне көмектеседі. Қажет болса емді 1 айдан кейін тағы қайталауға болады.

№2 рецепт: Қанның ластанғанын теріде түрлі бөртпе, қоңыр дақ, оның түсі өзгеруі, реңнің шаршаңқылығы, ұйқы мен жүйкенің қалыпсыздығынан білуге болады. Сондықтан қанды жылына екі рет тазартып тұру керек. Бұл ретте зімбірді (имбирь) емге қолданған дұрыс. Бір ай бойы күніне 3 рет 2 грамм құрғақ ұнтағын қабылдаңыз. Артынша 150 грамм таза су ішуге болады.

Қанды тазартуда қымыздық (щавель), қарақат, шетен (рябина) тұнбасы да жақсы көмек. Бұл тұнбаны дәріханадан сатып алып, нұсқамасына сай қабылдасаңыз жеткілікті.

Қанды сарымсақпен де тазартуда болады екен. Кешке қарай бір тілімін ұнтақтап, 1 стакан таза су құясыз. Бетін дәкемен жауып, таң атқанша қоясыз. Таңертең сүзіп алып, ашқарынға ішу керек. Осылай бір ай қайталасаңыз, ағзаңыз бен теріңіздегі оңды өзгерісті өзіңіз де байқайсыз.

№3 рецепт: Қанды тазартуда сарымсақтан асқан дәрмек жоқ. Ол қанды ғана емес, тамырларды, буындарды, бүкіл ағзаны токсиндер мен бактериядан да тазартады. 350 грамм ұнтақталған сарымсақты 200 миллиграмм спиртке салып, бетін жауып, құрғақ, жылы жерде 10 күн тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, таза дысқа құйып, тағы 2 күнге қалдырасыз.

Емнің бірінші күні таңертең ашқарынға 50 миллиграмм жылы сүтке 4 тамшы тұнба қосып ішеді. Түсте ас алдында осынша сүтке – 5, кешке 6 тамшы тұнба қосылады. Осылай тамшы саны 15-ке жеткенше жалғастырасыз да, сосын қайтадан 4 тамшы қалғанға дейін азайтасыз. Ары қарай тұнба таусылғанша ас алдында 50 миллиграмм сүтке 25 тамшыдан қосып іше беріңіз. Ағзаңыздағы оңды өзгерісті ем аяқталмай жатып-ақ сезінесіз. Кейбір бауыр, бүйрек, жүрек ауруларының бәсеңдегені байқалады. Бірақ бұл емді 5 жылда бір рет қана жасауға болады.

Әрине, қай рецептті қолдансаңыз да алдымен ағзаңыздың жай-күйін жете білуіңіз шарт. Және кері әсері болмау үшін емдеуші дәрігермен ақылдасып алған жөн. Денсаулық күтімі қашанда үлкен жауапкершілікті талап ететін нәрсе, осы есіңізде болсын.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста