Тұмауды тез жеңудің жолы бар

Тұмауды тез жеңудің жолы бар

Биылғы аяз жылдағыдан қаттырақ сезілетіндей. Тұман да тым жиілеп кетті. Бұл суықтау, тұмауратудың көбейетін кезі. Әрине, әрқайсымыз да одан сақтанудың түрлі жолын білетініміз анық. Дегенмен төмендегі мәселелер де ойыңызда жүрсін:

Суық тигенде тыныс алу жолдары бітеліп немесе мұрыннан су ағып әбіржітетіні белгілі. Мұндайда көптеген адам мұрынға тамызатын арнайы сұйықтықтарды қолданғанды дұрыс көреді. Дегенмен оны орынсыз қолданудың зиянды жағы да бар.
Сұйықтықтарды қолданған жағдайда мұрынның шырышты қабықтары мен тамырлары жарылып кетеді. Танау бездеріне де елеулі нұқсан келтіреді. Себебі олар өте нәзік. Қолданған жағдайда микробтар ағзаға емін-еркін өтіп кетеді де, соның салдарынан адамның иіс сезу қабілеті төмендейді. Мұндайда мұрыннан қан ағуы мүмкін. Сондықтан сұйықтықтарды қолданудың қажеті жоқ.
Тұмау кезінде әсіресе құрғақ жөтел адамға оңай тимейді. Одан құтылу үшін алдымен қақырықты босататын препарат қабылдаған дұрыс. Бүгінде жөтелге қарсы дәрі-дәрмектер жетіп артылады. Ол алғашқы 4-5 күнде-ақ оң әсер береді. Бірер күннен соң тұмаудан толық жазылуға болады. Мысалы, амбробене тыныс алуды жақсартады.
Таңертең ұйқыдан тұрған соң қан айналымын күшейтуді әдетке айналдыру керек. Ол қиын шаруа емес. Беті-қолды салқын сумен жуған соң дымқылдау сүлгімен денені ысқылайды. Сонда дене қызады да, қан айналымы жақсарады. Бұл әдісті тек таңертең ғана емес, кешке жасаса да болады. Сондай-ақ кәдімгі науат пен жұмыртқадан жасалған дәріні қолданудың әсері күшті. Ол үшін науатты ұсақтап, оған шикі жұмыртқаны қосып, үстіне бір стакан қайнаған су құяды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сосын 3-5 минуттай бетін жауып қояды. Сәл суыған соң жақсылап араластырып, ішкен жөн. Осы екі әдісті қолданған адамға тек тұмау ғана емес, өзге аурулар да жолай қоймайды.
Тұмаудан жазылудың өзге де халықтық ем-домы бар. Соның бірі мынадай: бір стакан сүтке бал және сары май қосып, әбден араластырған соң ішу керек. Мұны күніне бірнеше рет қолданса болады. Сүт ішкенді ұнатпайтын адамдар бүтін бір лимонның шырынына бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйық болған соң ішсе болады. Бұл әдіс тамақтың қарлығуын және жыбырлағанын бірден қайтарады. Балды ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып ішсе де жақсы. Сосын 2-3 күндей жылы үйде жатқаны дұрыс. Өйткені бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиетіні белгілі. Ондайда адам қайта-қайта жөтеледі. Ал оны басу үшін пияздың сөліне бал, сары май не қойдың майын қосып ішкен пайдалы. Немесе 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пиязды, 400 грамм қант пен 50 грамм балды қосып, әлсіз отта 3 сағаттай қайнатады. Суыған соң шөлмекке құйып, аузын мықтап бекітеді. Суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне 1 ас қасықпен 4-6 рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шаю да пайдалы. Сондай-ақ қайнап тұрған суға 1 ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды бұлау тамақтың қызарғанын басады.


Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста