ТҰТ АҒАШЫНДА ДА ШИПА БАР

ТҰТ АҒАШЫНДА ДА ШИПА БАР

Көп ұзамай тұт пісе бастайды. Көпжылдық бұл ағаштың жас бұтақтарын емге қолданудың дер шағы келе жатыр. Оның таңқурайға ұқсаған жемісі де дұрыс қолдана білген жанға шипа бола алады екен.
Мысалы, сусамырдың (қант диабеті) жеңіл түрлерінде 2 ас қасық тұт жемісінен 200 грамм алып, оны қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 4 сағат бұқтырады. Таза дәкемен сүзіп, әр жолы 50 грамнан ас алдында күніне төрт мезгіл ішеді.
«Көктемдегі салқын әрі сызды ауа құбылысында созылмалы қолқа қабынуы – бронхит те көп адамды мазалай бастайды. Демігіп, жөтел күшейген осы кезде тұт тамырының қабығынан 15 грамм алу керек. Дәріханадан перила тұқымы (15 грамм) мен қызыл мия тамырын (10 грамм) табуға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұның барлығын суға қайнатып, ішіп жүрсе шипасы мол», – дейді көп жылдардан бері емдік өсімдіктерден түрлі тұнба әзірлеп жүрген Сейітқамза Қалиев.
Тұттың жас жапырағы да шипа екен. Оның 200 грамм суға қайнатып, жазылмай жүрген жараларды сол сумен сүрту керек. Компресс жасаса тіпті жақсы.
Тұттың жапырағын, жас бұтағын, жемісін жинап, жел қағып тұратын көлеңкелі жерде кептіріп алсаңыз, жыл бойы дәрмешіңіз үйіңізде дей беріңіз. Қан тазалау үшін тұттың жемісі мен жас бұтағынан бір ас қасықты 300 миллилитр суға 3 минут қана қайнатып, бұқтырып қойып ішеді. Ол бауыр, бүйрек жұмысын күшейтіп, қан құрамын жақсартады. Көздің көру қабілетін жақсартады.
Тұттың бұдан басқ да шипалы болар кезі көп. Соның ішінде жасалуы оңай тәсілдерін іріктеп ұсынып отырмыз. Шипа болсын!
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста