Сенi iздеймiн

Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалған оқушының қайда жүргені белгілі болды

  • Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалған оқушының қайда жүргені белгілі болды

    Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалған оқушының қайда жүргені белгілі болды

Оқушы қыз бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген соң, үйден кетіп қалған. Полицейлер қызды тапқаннан кейін оны профилактикалық есепке қойды
Алматы облысында бір жарым ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен 16 жастағы қыз табылды.

11-сынып оқушысы осы уақыт бойы құрбысының үйінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазанда Сарқан қаласының 57 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімшесіне жүгініп, 16 жастағы немересінің жоғалып кеткенін айтады.

Бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген 11-сынып оқушысы үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Анықталғандай, әйел немересі дүниеге келгеннен кейін оны бірден өз қамқорлығына алған.

Кәмелетке толмаған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 қарашада оқушының мекенжайы анықталып, үйіне қайтарылды. Ол бір жарым ай бойы Талдықорған қаласында жалдамалы пәтерде тұратын құрбысының үйінде болған. Профилактикалық әңгімеден соң, қыз есепке қойылды.

57 жастағы әйел денсаулығына байланысты немересіне одан әрі бас-көз болудан бас тартты. Қазір қорғаншылық және қамқоршылық органдары баланы туған анасына қайтару мәселесін шешіп жатыр, деп нақтылады полициядан.
 




Көрілген: 6987    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 12:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31