Сенi iздеймiн

"Жоғарымен" байланысы бар емші Сары әулиені қалай құтқарып қалғанын айтты

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Соңғы жылдары медицина мамандарына қатысты түрлі теріс пікірлердің көбеюінен ел ішінде емшілердің саны артып кетті. Ауырып ем іздеген жандар соңғы үмітін арқалап халық емшілеріне жүгінеді. Сұраныс көбейгендіктен емшілікті бизнес көзіне айналдырып алғандар туралы да жиі айтылады. Осы себепті олардың арасында алаяқтық жасайтындар бар деген көзқарас қалыптасқан.


NUR.KZ порталы емшілердің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетуін белгілі парапсихолог, «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Зядан Қожалымұлынан сұрастырды.


Оның айтуынша, елдің емші іздеп кетуіне дәрігерлердің емдеу жүйесіндегі мәдениетсіздік пен сала мамандарының өрескел қылықтары әсер еткен.


«Емшілердің көбеюі Алла Тағаланың қолында. Бүгінгі экономикалық қиыншылық заманда дәрігерлердің емдеу жүйесіндегі мәдениетсіздігі мен олардың өрескел мінездеріне, дәрі-дәрмектің, қызметтерінің қымбаттауына байланысты емшілерге барады.


Әлемдік медицинаның негізі бойынша аурудың 80 пайызы сеніммен ғана емделеді екен. Сондықтан халық бірінші Аллаға сенеді, екіншіден емшілерге барады. Емшінің көбеюі менің қолымда емес. Ол Жаратушының қолында.


Екіншіден, емшілердің арасында жақсының да, жаманның да барын жасыра алмаймыз. Емшілерде бар жағдай - жауапты қызмет саласында кездесіп жатқан жағдай. Біреу дүниеқор болады, біреулер қайырымды болады.


Қазақстанда қанша емші барын бір Алладан басқа ешкім білмейді, бес адамның біреуі - емші. Олар бірнеше қоғамдық ұйымдарға мүше. Бізге еш қатысы жоқ. Біз - елдегі жалғыз республикалық ұйымбыз», - дейді қауымдастық жетекшісі.


Елдегі емшілердің басын қосқан ұйым президентінің өзі емшілерге мүлде емделмейтін болып шықты.


«Мені емшіге қаралмаймын. Мені емдеген емші талып қалады. Менің «жоғарымен» байланысым бар», - дейді ол оның себебін түсіндіре келе.


Өзін "әлем емшісі" деп атаған академик Зядан қажы Қожалымов қазір алтын берсе де емшілікпен айналыспайтынын алға тартады. Ғалым қазір кітап жазып, ғылым жолына түскен.


Парапсихологтың айтуынша, ол емшілерді кеңес үкіметі тұсындағыдай психологиялық ауытқушылығы бар деп арнайы мекемеге тоғытудан құтқарып қалған. Сондай-ақ, ол тоқсаныншы жылдары Сары әулиенің Алматыға келуіне себепші болғанын айтады.


«Сары әулие біздің ұйымға 1992 жылы мамыр айында тіркелді. Ол бізден Атырауға қайтқаннан кейін сол кездегі билік тарапынан қысымшылық көрген. Егер мен оларды солардың қолына бергенде бүкіл елдің емшілері баяғы Кеңес заманындағыдай психикалық есепке алынатын еді. Сол үшін Атырауға барып, алты ай қуа алмаған жиналған халықты алаңнан сөйлеп, 45 минутта үйлеріне қайтардым. Осындай жағдай болған.


Маратты кейін бизнесмендер алып кетті. Мен оның атағын бір пайдаланған жоқпын. Кейін бізге қайтадан келді. Сонымен Алматыға жүр деп, 1992 жылы 24 шілдеде "Қайраттың" стадионында сеансты бастатқыздым. Оны осылай құтқардық. Оны құтқару жалпы емшілерді құтқару еді», - деп еске алды қауымдастық президенті Зядан Қожалымов.


Өздерінің қайырымдылық ұйымы екенін еске салған қауымдастық президенті өздерінің коммерциядан ада екендерін айтады.


«Бізге келетіндер ерікті түрде келеді. Ал енді емшілердің тәртібі жөнінде әрбір зардап шеккен адам заң орындарына жүгінуі керек», - дейді ол. 




Көрілген: 8262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.05.2017, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 14:07
    Әкемді іздеймін
    17 Қыркүйек, 12:56
    Атамның сүйегін іздеймін
    14 Тамыз, 16:25
    Ағамыз табылса екен
    4 Мамыр 2017
    Қаназдық
    18 Наурыз 2017
    Балалардағы бронхит
    19 Ақпан 2017
    ҚҰЛАҚ КҮТІМГЕ ЗӘРУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31