Қан қысымыңыз төмен болса…

Қан қысымыңыз төмен болса…

Кан қысымы төмен, яғни гипотонияға шалдыққан адамның қан қысымының жоғары көрсеткіші 100 мм, ал төменгі көрсеткіші 60 мм сынап бағанынан аспайды. Гипотония физиологиялық және патологиялық болып екі түрге бөлінеді. Екінші түрі дәрігердің араласуымен емделеді. Ал гипотонияның физиологиялық түріне шалдыққан адам өзін ауру сияқты сезінбейді, бірақ сау да емес. Қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін мынадай ережелерлі сақтаса, тіпті созылмалы гипотония жағдайында да науқас өзін сергек сезіне алады.

1. Қан қысымы төмен адамдар түнгі ұйқысының толыққанды болуына мән бермеуі тиіс. Олар, әдетте, қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда 2-3 сағат көп ұйықтайды.

2. Дене жаттығуларымен айналысуы керек.

3. Қан қысымы төмен адамдар таза ауада көбірек жүруі тиіс. Көшеге жиі шығып, әсіресе, жылдың салқын мезгілдерінде серуендеуге ерекше көңіл бөліңіз.

4. Қан қысымы төмен адамдардың тағамының құрамында минералдық заттар мен витаминдер (әсіресе, В1, С, Р витаминдері) жеткілікті болуы керек. Жаңа пісірілген ботқалар (қарақұмық, сұлы, күріш), көкөністерден — сәбіз, қызылша, баклажан, жемістерден — лимон, апельсин, мандарин жеңіз. Майлы және ұнды тағамдарды жеуді шектеңіз.

5. Қан қысымы төмен адамдар жатқан жерінен бірден түрегеліп кеткенде қолайсыздық сезінеді. Әсіресе, аш кезінде. Сондықтан таңертең төсектен жаймен асықпай тұру керек.

6. Қан қысымы төмен адамдар үшін кофе пайдалы. Бірақ оны ішудің де өлшемі бар: күніне 2 кеседен аспағаны жөн.

7. Қан қысымы төмен адамдар үшін арттық салмақ қауіпті.

8. Мұндай адамдарға көбінесе қуаттандыратын әрі сергектендіретін қытай лимоннигін (күніне 0,5 г-нан 2 рет), женьшень тұнбасын (15-20 тамшыдан тамақ алдында күніне 3 рет), сондай-ақ мидың қан айналысын жақсартатын дәрілерді,

мәселен, нооотропил) күніне 2 рет тағайындайды.

9. Қан қысымы төмен адамдарға әртүрлі су ем-домдары, мәселен, таңертең контрасты душ, денені дымқыл шүберекпен ысқылау оттегі, інжу не қылқан жапырақтар қосылған суда бұлауға түсу пайдалы.

10. Қан қысымы төмен адамдар сезімі мен денесіне күшті әсер ететін нәрселерден көлікте ұзақ жол жүруден, күрт айналатын аттракциондардан аулақ болғандары жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста