Қазақ емшілігі: Сынған сүйекті орнына салу (2)

Қазақ емшілігі: Сынған сүйекті орнына салу (2)

 Қазақтың оташылық (сынықшылық) өнері әлемде сирек кезігетін ғажап өнер. Қытайдың Алтай аймағы Бурылтоғай ауданында тұратын Мәулітшәріп Қабаұлы – осы өнермен мықтап айналысқан зерттуші. Төменде сол кісінің «Қазақ емшілігі» деген кітабынан сынықшылық туралы жазбаларын жариялауды жөн көрдік.

Сынық салғанда немесе буындарды орнына салуда, сөзсіз орнына келу барысын мықты игерумен бірге таңғанда қатты байлап тастамау, еттер ісінгенде шешіп, лайықты босатып отыру, ісік қайтқанда таңуды лайықты қатайтып байлап отыру керек. Егер қатты байлаудан таңған орынның астыңғы бөлімі (аяқ басы, қолдың басы) көгерсе дереу босату керек. Өйітпегенде қан буылып жүрмей қалып, қол-аяқтың шіруі келіп шығады.

Сондықтан ғылыми заңдылықтарды сөзсіз мықты игеру керек. Сынықты таңу, күту уақыты ұзақ болады. Сондықтан таңған оташылар жауапкершілікпен қарап, мертіккен адамның көңіл-күйін орнықтыруы, мертіккен адам оташының айтқандарын орындауы, оташыға сәйкесуі шарт.

Тамақтануда қуатты тағамдармен күту, сорпа, сүйек сорпа және қойдың құйқаларын жегізіп тұрғаны жөн.

Мертіккен адам көңілді болуы, таза алмастырып отыру, лайықты дәрі-дәрмек пайдалануы да өте қажетті болады. Бұл жөнінде кейін жеке-жеке тоқталамыз.

Мойын буынын салу әдісі

Мойын буынының шығуы негізінен сыртқы күштің қатты соғылып ұрылуы, ауыр нәрселердің құлап басуы немесе тайып жығылуы сияқты себептерден болады. Мойынның қайсы буыны шықса да қатты ауырады әрі буыны шыққан жағы томпайып, мойыны қисайып қалады.

Егер мойын таю көлемі күрделі болып жұлынды басса, өмірге қауіп тнуі мүмкін. мойынның тайған буынын салуда мертіккен адамды шалқадан жатқызып қойып таңады. Алдымен мойынның тайған орнын тұрақтандырып алып, қара шайға тұзды молырақ салып, сол орынға жағып, уқалау, ысқылау керек. Онан соң иектен ұзын шүперекті жалпақтап салып, маңдай, құлақ үсті, қара құсты айналдыра орап, оралған шүперекті екі құлақ мөлшерінен бір айналдырып алып, төбеден ұстайтын бау шығарып, мертіккен адамның екі иығынан екі табаныңызбен тіреп тұрып, баудан ұстап созып тарту керек.

Алғашында баяу тартып, біртіндеп босатпай жалғасты, қаттырақ тартып отырса мойын буыны созылып өздігінен орнына түседі. Сол кезде екінші бір адам (ол да сынықшы болуы керек) тайған мойын буынын ақырын итеру керек (баяу итеру, лоқ еткізбеу тиіс). Осылай істегенде тайған буын орнына түседі. Буын орнына түскенде ауырғаны өздігінен басылады. Босатқанда баяу босатып, мойынды қалыңдау бұлмен жылы орап, таңып қою керек.

Иық буынын салу әдісі

Қолдың қатты бұралуы немесе сыртқы күштің әсері, жығылу сияқты себептерден иықтың буыны таяды. Әдетте, иықтың астына қарай таюы көбірек болады, кейде алдына немесе артына қарай да таяды. Мұндайда бұғана шығу немесе сынуы көбірек кездеседі.

Мұндай жағдайда, алдымен иық буынын салып, онан соң бұғана таю немесе сынуын орнына салу керек. Иық буын салғанда, алдымен мертіккен адамның қолтық астына бостық қалмайтындай етіп қаша ағаш дайындау немесе мертіккен адамды жатқызып қойып, орамалмен тартып салу керек.

Мейлі, қай түрдегі салу әдісі болсын, бір адам қолтық астынан көтере тартады, екінші бір адам қолды басып тартады, тағы бір адам мертіккен адамның денесін қозғалтпауға, сынықшы тарту мөлшеріне және буынды орнына түсіруге жауапты болады. Буын салу тарту мен бір уақытта болады. Иықты үстіне қарай тартушы қатты тартады да, төмен тартушы өз бағыты бойынша бостапауды мақсат етеді. Ал оташы иық алдына қарай шыққан болса артына қарай, артына қарай шыққан болса, алдына қарай басып итереді. Егер астына қарай шыққан болса, онда көтеріп тартумен бірге тоқбас жіліктің басынан ұстап, тартушыға селбесіп, жоғары көтеріп олрнына салады және иықты қозғалмайтындай етіп орап таңады. Орнына түскеннен кейін, қолды білектен жалпақ шүперекпен мойынға асып қояды.

Иық буынының ойнамалы болуынан сақтану үшін сүйемелдеп таңылады. Орау уақытын ұзағырақ етіп белгілеп, (әдетте бір ай шамасында болса жақсы) суық тигізбей жақсы күтіну керек.
 

Baq.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста