Сенi iздеймiн

Қызылордада балалар үйінде тәрбиеленуші үш қыз жоғалып кетті (фото)

  • Фото: отбасы мұрағатынан

    Фото: отбасы мұрағатынан

Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салады. "Отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда түнгі 02:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Қызылорда облысы полиция басқармасының желідегі ресми парақшасына сүйенсек, 25 наурыз түнгі сағат 02.00 шамасында 2004 жылы туған Нугманова Ділда Мусабековна, 2006 жылы туған Нестерова Любовь және Сабанкулова Рано есімді жасөспірімдер жоғарыда аталған тұрғылықты мекен-жайларынан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған.

 

KAZ.NUR.KZ редакциясына жоғалған қыздардың бірінің әпкесі хабарласып, жасөспірімдерді іздеп табуға көмек сұрады.

 

Айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілерін есімі белгісіз бір жігіт көлікке салып алып кеткен.

 

"2002 жылғы Любовь менің сіңлім. Балалар үйіндегі тағы бір сіңлім оларды жоғалған 2004 жылғы қыздың сөйлесіп жүрген жігіті көлігіне салып әкеткенін айтып отыр. "Балалар үйінен бостандыққа шығарып, қыдыртамын" деп ертіп әкеткен көрінеді. Тағы бір сіңлімді өздерімен баруға үгіттеген. Бірақ ол сонда қалған. Ол жігітті фотосынан біреу таныса есімін білер едік. Әлеуметтік желіде әртүрлі атпен жүр. Тима біресе, Марлен деп шығады. Осы жігітті тапсақ, қыздар да табылар еді", – дейді Любовь Нестерованың әпкесі.

 

Қызылорда облысының Полиция департаменті жасөспірімдер туралы қандайда бір ақпарат немесе жүрген жерлері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруді сұрайды. Телефондар: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02

 

 

 

 




Көрілген: 1209    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 15:27
    Анамды іздеймін
    19 Қазан 2020
    Досымды іздеймін
    29 Қыркүйек 2020
    Мен атамды іздеймін
    18 Қыркүйек 2020
    Туған әкемді іздеймін!
    15 Қыркүйек 2020
    Бауырымды іздеймін
    1 Маусым 2020
    Анамды іздеймін
    6 Сәуір 2020
    Анамды іздеймін!
    6 Ақпан 2020
    Інімді іздеймін!
    22 Желтоқсан 2019
    Тасболат, үйге оралшы...
    6 Желтоқсан 2019
    Туған ағамды іздеймін!
    3 Желтоқсан 2019
    Әпкемді іздеймін!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31