Түркістандық полицейлер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды

Түркістандық полицейлер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды

Түркістандық тергеушілер 25 жыл бұрын із-түссіз кеткен шетелдік қызды жақындарымен қауыштырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың наурыз айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне көршілес қаладағы полиция бөлімінен Өзбекстан Республикасының азаматы, яғни үй-күйсіз (аты-жөні белгісіз, құжатсыз) жүрген 40-тан асқан әйелдің ісі келіп түскен.

 

Онда Шымкент қаласындағы дағдарыс орталығына түскен өзбекстандық әйел, Сарыағаш ауданында притонда сексуалдық құлдықта болғанын, 10 жасында әке-шешесі Өзбекстан Республикасына белгісіз біреулерге сатып жібергенін айтқан.

 

Осы іс бойынша сарыағаштық полицейлер жан-жақты тергеу әрекеттерін жүргізді. Сол жылдың қарашасында іс Түркістан облысы ПД-ның өндірісіне қабылданды.

 

Тергеу барысында сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптамалары тағайындалды. Оның жақын таныстарынан жауап алынды.

 

Осыдан соң желтоқсан айында ҚР ІІМ арқылы Өзбекстан Республикасына жәбірленушінің жеке басын анықтау мен оған қатысты шынында адам саудасы қылмысы орын алған немесе алмағандығын анықтау үшін халықаралық тапсырма жолданды.

 

Полиция департаментімен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде департамент қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысы ШаҺрисабз ауданы Сарчашма ауылынан жәбірленушінің әке-шешесі, туған-туыстарын анықтап, олармен кездесу жұмыстарын жүргізді.

 

Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері әйелдің заңды түрде құжаттануы үшін қажетті шаралардың барлығын атқарып, жеке куәлігі мен төлқұжатын алуға ықпал етті.

 

Қазіргі таңда жәбірленушінің өз еліне оралуына жағдай жасалынып жатыр.

 

Анықталғандай, жәбірленуші 17 жасында үйінен кетіп қалған. Ал жәбірленушінің құлдықта болдым, әке-шешем сатып жіберген деген уәждері дәлелін таппай ҚР ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен тоқтамға алынды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста