Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тарихта алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ баласы команда капитаны болды

17 қараша 2018, 19:16

Азат Тұрсынханов АҚШ-тың Филодельфия қаласындағы "Lehigh Valley" хоккей командасының капитаны болды.

Азат Тұрсынханов 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылдан 2015 жылға дейін астаналық хоккей құрамасында шабуылшы болды. 3 жыл бұрын жас ойыншы бақытты шетелден іздей бастады. Анығында Канадаға аттанды, деп жазды prosports.kz.

Канадада Азат GMHL лигасында ойнады, ал қазір қазақстандық спортшы Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында EHL лигасына кіретін Lehigh Valley командасының капитаны.

Айтпақшы, Құрама Штаттағы Шығыс Лигасы жартылай мемлекеттік мәртебеге ие. Сондықтан ол шетелдік ойыншыларға шектеу қойылған. Екінің бірі ойнай алмайды. Ал, Азат сол жақта ойнап, 20 жасында капитандыққа қол жеткізді.

"Бала күнімде хоккейге әкем қатыстырды. Мен қаннан қорқатын едім. Хоккейшілердің тартысып, бірін-бірі ұрып, төбелесіп ойнайтынын теледидардан көріп, бұл спортты мүлде ұнатпадым. Қарсылығыма қарамастан мені хоккейге қатыстырды. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Тіпті ұнап кетті. Филадельфияға да тек хоккей ойнау мақсатында келдім. Бапкеріммен, ойыншылармен жақсы қатынастамын", – дейді хоккейші.

Азат Тұрсынханов 3 жыл жастар құрамасында ойнаған.

"Тәжірибем болған соң мені капитан қылған шығар. Мұны өзім де күтпеген едім. Мен мұнда жастарға үлгі көрсетуім керек. Қазақстан атынан шығамын. Көбісі Қазақстанды Пәкістан не Ауғанстан деп ойлайды. Бірақ Геннадий Головкинді біледі", — деп түйіндеді жас ойыншы.

Sputnik