Инста-Алаш

30 жылда жағдайы жоқ өзбек 59%, қырғыз 43%, азербайжан 37% өссе, қазақ небәрі 12% ғана өскен

  • 30 жылда жағдайы жоқ өзбек 59%, қырғыз 43%, азербайжан 37% өссе, қазақ небәрі 12% ғана өскен

    30 жылда жағдайы жоқ өзбек 59%, қырғыз 43%, азербайжан 37% өссе, қазақ небәрі 12% ғана өскен

Жүйедегі ақау тозығы жетіп шіріген киім секілді әр жерден жыртылып жатыр. Бір жерін жамаса, екінші жері тесіліп шығады. Жемқорлық әбден жайлағаны соншалық кейбір ірі шенеуніктер Арыстағы апатқа бөлінген қаржыға дейін қол сұқты. Күнде бір шенеуніңтің парамен ұсталғаны жайлы хабарға таңқалмайтын болдық. Әрине азғантай айлығымен мемлекеттік қызметтің отынмен кіріп, күлімен шығып, жанын салып жұмыс істеп жүрген көптеген ары таза мемлекетшіл, білікті қызметкерлер де жеткілікті. Олардың бәрін бірдей парақор деп кінәлаған әділетсіздік деп ойлаймын.
Экономика толықтай мұнай мен шикізатқа тәуелді. Мұнайдың бағасы түскен сайын ыстығы көтерілген науқас адамдай доллардың да бағасы шарықтап кетеді. Соттың жағдайы да мәлім. Миллион доллар пара алып ұсталған Нилер көзді бақырайтып қойып сот залынан босатылып, тауық ұрлағандар көпекөрнеу қамалып жатыр. Халық сот жүйесіне мүлде сенбейді.
Миллион теңгеге "тағайындалған" депутаттар да рұқсат шеңберінде ғана сөз алып, бірдеңкені міңгірлегені болмаса, елдік мәселені көтеріп, биік мінбеден биліктің қателігін көрсетіп қатты сөйлегенін көргеніміз жоқ. Жарымайтын айлыққа жұмыс істеп жүрген мұғалімге де, дәрігерге де ренжи алмайсың. Қадірі кеткен мұғалімдердің сайлауда қандай сайқымазаққа айналғанын көрдік. Көрдік те түңілдік. Түңілдік те оларды сондай жағдайға дейін түсірген жүйеге лағынет айттық.
Демография күйреп тұр. 30 жылда жағдайы жоқ өзбек 59%, қырғыз 43%, азербайжан 37% өссе, қазақ небәрі 12% ғана өскен. Шаңырақ құрған жастардың 40% бір жылға жетпей ажырасып отыр.

30 жылда азғантай халықтың баспана мәселесі толық шешілген жоқ. Елорда халқы әлі күнге дейін көмір жағып отырса да әлемге жасыл энергияны үйретпек болған EXPO, LRT секілді еш пайдасы жоқ ірі жобаларға, мәнсіз жиындарға, той-томалаққа шашылған миллиярдттаған ысырапты қысқартып, орнына халықымыздың, көпбалалы отбасылардың, мұғалім, дәрігерлеріміздің жағдайын жасап тастауға болар еді. 

Қайрат Жолдыбайұлы

инстаграм парақшасынан




Көрілген: 1856    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2020, 08:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31