Инста-Алаш

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылдың 09 шілдесінде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушы кандидаттарға «Толғау» ЖШС-інің  «https://alashainasy.kz/» сайтында Ғаламтор алаңын ұсынуының жалпы шарттары.


«Толғау» ЖШС – «https://alashainasy.kz/» сайтының (ары қарай Сайт) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының кандидаттарын (ары қарай Кандидат) Қазақстан Республикасы Президентінің №18 Жарлығымен 2019 жылдың 09 шілдесінде өтетін кезектен тыс Сайлауына қатысу үшін сайлау алды агитациялық материалдарын (ары қарай агитациялық материалдар) Сайтта жариялау шарттары, Ғаламторда берілетін алаң көлемі, ақысы жайлы ақпараттандырады.

Сайлау алды агитация Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының кандидаттарын тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, Сайлау болатын күннен бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша 0.00 сағатта аяқталады. Сонымен Сайтта агитациялық материалдарды жариялау 2019 жылдың 11 мамырында 18.00-ден бастап, 2019 жылдың 8 шілдесінде сағат 0.00-ге дейін жалғасады.

Сайттың меншік иесі мен Кандидаттың немесе оның өкілінің жазбаша түрдегі келісімшарты негізінде Сайт Ғаламтор алаңын ұсынады.

Агитациялық материалдардың көлемі, жариялау мерзімі Кандидаттың немесе оның өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, өтініші келісімшартқа тіркеледі.

Өтініш Кандидаттың өтініштері тіркелетін журналға кезек ретімен тіркеледі, әр жазбаша өтініш номерленіп, өтініш жазылған күн көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке қосымша мынандай құжаттар қосу қажет:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Келісімшартты жасаушының өкілеттілігін растайтын құжат;

Сайтта Кандидаттың агитациялық материалдарды жариялау реті жазбаша өтініш түсу мерзіміне сәйкес келеді, егер бірнеше өтініш қатар түскен жағдайда қайсысының бірінші жарияланатыны жреби арқылы анықталады.

Агитациялық материалдар Сайтқа жариялаудан 1 (бір) жұмыс күн бұрын берілуі тиіс.

Агитациялық материалдарда қаржыландыру көзі және ақпарат беруішінің фамилиясы көрсетілуі керек.

Агитациялық материалдарды ұсынушы Кандидат материал мазмұнының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болуына жауапты.

Сайттың меншік иесі егер агитациялық материалдарда зорлық-зомбылықты насихаттайтын, мемлекет қауіпсіздігіне, бүтіндігіне қауіп төндіретін тұстары болса, әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік, тектік-топтық ірткі салу, заңға қайшы келетін әскери құрылымдар жасақтау, Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының өзге Кандидатының атақ-абыройына, беделіне нұқсан келтіретіндей мазмұндағы идеялар болса, оны жариялаудан бас тартуға құқығы бар.

Кандидат Сайттың меншік иесіне материалдарда жоғарыда көрсетілген мазмұндағы ақпараттардың жоқтығын растайтын құжат ұсынуы керек.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Ғаламтор алаңын ұсынудың жалпы шарттары Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Сайтта агитациялық материалдарды жариялау бағасы:

1) Мақала (2 500 символдан аспайтын, 3 суретімен (1600х900 пиксель) - 150 000 (жүз елу мың) теңге, ҚҚС қосқанда;

2) Баннерлер (1000 көрсетілім) - 500 (бес жүз) теңге, ҚҚС қосқанда, кез келген көлемдегі баннер.

Сайттың компьютерлік нұсқасындағы баннер көлемі: 1000х100 (екінші жағына өткен), 240х400 (екінші жағына өткен), 740х150 (екінші жағына өткен),

Жарияланған материалдар Desktop-нұсқасында болады.

Келісімшарт бойынша агитациялық материалдарды жариялау үшін төленетін ақы Сайттың меншік иесі төлем шотын ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жазбаша өтініштерді Сайттың меншік иесі 2019 жылдың 06 мамырынан бастап (демалыс және мереке күндерінен басқа) қабылдайды.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Мыңбаев, 151 ( тоғызыншы қабат), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Жазбаша өтініштер факс және Ғаламтор байланыстары бойынша қабылданбайды.

 


«Толғау» ЖШС




Көрілген: 2635    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.05.2019, 17:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31