Инста-Алаш

"Анасының еміне ақша сұраған": Тәуекелдің жары алаяқтардың құрбаны болды

  • "Анасының еміне ақша сұраған": Тәуекелдің жары алаяқтардың құрбаны болды

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілімнің жары алаяқтардың құрбаны болды. Белгісіз біреулер Махаббат Мүсілімнің парақшасын иемденіп алып, қалың көпшіліктен емге ақша сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам үшін көмек сұрап тұрмын. Бізге дереу түрде ауыр ота жасату керек. Әрқайсыңыздың көмегіңіз қажет болып тұр" , - деп жазылған. Алаяқтар аталмыш жазбаның астына банк картасының нөмірін де қалдырып кеткен. Алайда, белгілі болғандай, бойжеткеннің анасына ешқандай қауіп төніп иұрған жоқ. Тәуекел Мүсілімнің енесі дін аман. Белгілі актер бірден бұл ақпаратты теріске шығарып, әйелінің парақшасын алаяқтар бұзып тастағанын хабарлады.

Өнер иесі Instagram желісінде бұл жағдайға қатысты мән-жайды түсіндірді. Бүгінгі күні Махаббаттың парақшасы тіптен бұғатталып қалған. Жұлдызды жұп бірден әрекет етіп, өз оқырмандарына алаяқтардың қулығына түсіп қалмасы үшін ескерткенімен кейбір желі қолданушылары оларға ақша жіберіп үлгерген. Айта кетейік, бұған дейін әнші Меруерт Түсіпбаева да алаяқтарға тап болғанын хабарлаған еді. Белігісіз адамдар оған желіге оның тыржалаңаш жатқан фотоларын жариялап тастайтындарып айтып, бопсаламақ болған. Алайда, эстрада жұлдызы бұзақылардың арбауына түспеген. Ол өзінде ондай форматтағы суреттердің жоқтығына кәміл сенімді болған соң, олардың өтірігіне ермеген.




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

жұма, 27.11.2020, 20:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31