Атышулы Say Mo жұрттан тағы сөз естіді

11 тамыз 2022, 12:54

Say Mo лақап атымен танылған әнші Мөлдір Есембек желіде қазақша ән айтқан видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді.

 

Say Mo орындаған ән "Махаббатым" деп аталады.

 

Бейнежазбада әнші Ыстықкөлдің жағасында жартылай жалаңаш денесіне ашық күлгін түсті көйлек киіп отыр. Say Mo көлдің ішінде сексуалды би қимылдарын жасап, ән салды.

 

Әншінің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалған сияқты. Тіпті арасында Say Mo-ның не айтып тұрғанын түсінбей қалғандары да бар.

 

 

"Не киіп алған?". "Қазақша ән айтқанда былай ашық киінуге бола ма?". "Ұйқым келмейді, сол әннің ар жақ, бер жағы екен". "Біртүрлі, әннің сөзін түк түсінбедім", — деді желі қолданушылары.

 

Әншінің "Махаббатым" атты әніне түсірілген бейнебаяны 19 тамызда жарыққа шығады.