Инста-Алаш

Айнұр Тұрсынбаева бақытты әйел болудың жолын айтты

  • Айнұр Тұрсынбаева бақытты әйел болудың жолын айтты

    Айнұр Тұрсынбаева бақытты әйел болудың жолын айтты

Атақты айтыскер Айнұр Тұрсынбаева ең бақытты әйелдің қандай болатынын айтты. Соңғы жылдары психологиямен айналысып, мотиватор болып жүрген ақынның ойынша ең бақытты әйел "Өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел" екен. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

Айнұр Тұрсынбаева: "ЕҢ БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? Ол - өзінің әйел болып жаратылғанына қуана білетін әйел. Өзін толық танитын, не үшін жаратылғанын, өзіне не керек екенін, ненің оның табиғатына сай емес екенін түсіне білетін әйел... Өзінің жаратылысына, әйелдік болмысына риза болған әйел бақытты жар, бақытты ана, бақытты тұлға болады... Ол үйінің де кез келген ісін қиналмай атқарады, күйеуінің де тапсырмаларын қуана жүріп орындайды, балаларын да қуана жүріп тәрбиелеп, айналасына да бақыт пен қуанышты шаша алады... Сіз өзіңізді шынайы қабылдап, Алла жаратқан өз болмысыңызды толық қабылдаған кезде және шын мәнінде әйел адамның «үйдің бүкіл проблемасын мойнына алып алған бейшара» емес екенін шын түсінген кезде әйел болып туғаныңызға қуанатын боласыз... Және сол сәттен бастап бұған дейін қиын болып көрінген бүкіл істер Сізге керісінше ләззат, қуаныш сыйлайтын болады... Сол кезде ғана сіз бақыттың дәмін татасыз және өзгелерді бақытты ете аласыз...".

Көпшілік айтыскердің ойымен келісетін сияқты. Оған жазбаға жазылған пікірлер дәлел бола алады. "Орынды сөз екенін" айтқан оқырмандары өздерінің бақытты әйел екендерін, кейбірі бақытты болуыға тырысып жүргендерін айтқан. Арасында Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне "Сіз өзіңізді бақытты әйелмін деп есептейсіз бе?" деген де сұрақтар бар екен. Бірақ ақын қыз ол пікірлерге жауап бермеген. Дегенмен оның әлеуметтік желідегі парақшасына қарап "Бақытына шүкірлік ететін әйел" екенін аңғару қиын емес. Соңғы уақытта әйел адамдардың көпшілігі өзін іздеумен, танумен айналысып жүр. Бұл жағдай бәлкім алдағы уақытта бақыттылардың қатарын арттыратын шығар?! Ал, сіз өзіңізді таптыңыз ба?


ERNUR.KZ




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 15:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28