"Бәріне үлгердік": Гүлнұр Оразымбетова Дубайда демалысын қалай өткізгенін айтты

10 тамыз 2022, 11:28

Эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова отбасымен бірге өткізген Дубайдағы демалысын қорытындылады. Ол бір аптаның ішінде алған әсерін оқырмандарына бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Әнші Instagram парақшасындағы жазбасында Дубайға сапарының әсерлі болғанын атап өткен. "Осы бір аптаның ішінде демалыс та, жақсы адамдармен кездесулер де, Секенің мектебінен өткен білімді жастармен қуанышты қауышулар да, болашақтың мұражайынан үлкен әсер алып, Burj Khalifa-ның 152 қабатында осы ғимараттың басшыларымен тәтті шәй де, бәрі-бәріне үлгердік", - дейді әнші. Әнші Қазақстанның Біріккен араб әмірліктерінде абыройы жоғары екенін көріп, кеудесін мақтаныш сезімі кернегенін жасырмайды. "Ең бастысы, Қазақстан десе, қолдарын жүрек тұсына қойып, құрметпен қарсы алғанына төбем көкке сәл жетпей тұрды. Елімнің абыройы қай елдің алдында болмасын асқақ екеніне шүкіршілік еттім. Қуанышты күндеріміз көп болғай! Рахмет, Дубай", - деп жазды Оразымбетова. 

KAZ.NUR.KZ