Дәулет Мұқаев: Табысымның бәріне балабақша саламын

Дәулет Мұқаев: Табысымның бәріне балабақша саламын

Қазақстандық журналист, блогер Дәулет Мұқаев жақсы жаңалығын айтты. Ол өзі армандағандай балабақша құрылысын қолға алмақ. Ол үшін барлық табысын жұмсауға дайын.

"Бұрыннан балабақша, мектеп, сосын университет ашу (салу) арманым еді. Жайлап сол арманды іске асыратын уақыт келе жатқандай. Маған тойхана немесе жалға беріп қоятын ғимарат салып, тыныш өмір сүре беруге де болады. Бірақ мен саналы (сапалы) ұрпақ тәрбиелегім келеді. Бисмарк айтқан екен: Уақытында мектеп салмағандар, кейін түрме салады деп... Астарында терең ой жатыр.

 Алдымен балабақша құрылысын бастағым келеді. Рухани жаңғыру деген бұрынғы 15-16 ғасырға қайта кетіп қалу емес. Қазақи болмысымызды сақтап қалу. Құндылықтарымызды, тарихымызды ұмытпау! Бұдан былай табысымның барлығын арманымның ақиқатқа айналуына жұмсаймын деп шештім. Сәттілік тілеп қойыңыздар", - деп жазды Дәулет Мұқаев.

Желі қолданушылары оның сөзін қолдап, сәттілік тілеп жатыр.

"Мектеп неге ашпайсың, әртүрлі үйірме өткізетін едің", "Іске сәт! Сапалы білім керек қазір", "Сәттілік! Алла ісіңізге береке берсін", "Керемет, жұмысыныз алға бассын", "Сәттілік, Алла қолдасын", "Дұрыс айтасыз, бәрекелді, ойыңызға қосыламын. Арманыңыз айқын болсын", деп жазды олар.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста