Инста-Алаш

Динара Болат: "Ересектердің кейде екіжүзді, кейде қатал, кейде мейірімді әлеміне аяқ басып келе жатқан жүрегім!"

  • Динара Болат:

    Динара Болат: "Ересектердің кейде екіжүзді, кейде қатал, кейде мейірімді әлеміне аяқ басып келе жатқан жүрегім!"

Менің анам "Өзің кінәлісің, өзің шеш!" дейтін. Ауырып қалсам да мені емдеп жүріп, суық тигізген, жылы киінбеген өзім кінәлі екенімді сездіретін. Ренжімеймін. Өз проблемамды өз бетіммен шешуге үйретті бұл ыңғай. Алайда, қазір заман бөлек. Балалар гипер эмоционалды. Гипер әсершіл, нәзік. Бұл әлсіздік емес. Таңдауы көп, ұсынары көп қоғамда баланың адасып, сынып кетуі оңай. Бала өзін жоғалтып алмас үшін оны өзіне қазық ретінде байлап, мықты қорғаны ретінде қызмет атқаратын ата-ана керек. Саяхат, тур, қызметтік сапарлардан басқа уақыттың барлығында қызымның жанындамын. Апарамын, әкелемін, күтіп отырамын. Өте көп сөйлесемін. Бір жақсысы Саидамен барлығымыз ашық сөйлесеміз. Нағашысы да, қайын інім де, жеңгесі, ата-әже, әке-шешесі барлығымыз. Ұл-қыз тәрбиесі, қоғамдағы адам типтері, өнер саласы, адамзат, әлем, дін,саясат, психология бәрі бар. Өзіміз қонақ сирек шақырсақ та, дастархан басында ұсақ әңгіме, өсек-аяң айтылмайтын болған соң өзімізбен қатар отырғызуға тырысамыз. Сәйкесінше, қыздың түсінігі бөлек. Кең ойлайды. Бірақ, соңғы кезде адамның ойы, тәрбиесі өзгелермен сәйкес келмеуі мүмкін деген проблемамен кездесіп жүр. Осыған орай, соңғы кездегі әңгімелерімізде адамдардың барлығы бірдей емес, кімге сеніп, кімге сенбеу керек, мейірімді де тұсаулау керек деген өзін-өзі сақтаудың негізгі қағидаларымен танысып жүр. Қызық, адам тап-таза боп туылады. Бірақ, өзін сақтау мақсатында өзгеден қорғануға да тура келеді. Ересектердің кейде екіжүзді, кейде қатал, кейде мейірімді әлеміне аяқ басып келе жатқан жүрегім!

Инстаграмдағы парақшасынан 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 14:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30