Инста-Алаш

Гаухар Әлімбекова: Коронавирустың болатынын алдын ала түсімде көрген едім

  • Гаухар Әлімбекова: Коронавирустың болатынын алдын ала түсімде көрген едім

    Гаухар Әлімбекова: Коронавирустың болатынын алдын ала түсімде көрген едім

Қазақстандық әнші Гаухар Әлімбекова коронавирус індетінің әлемді жалмайтынын алдын ала түсі арқылы білген. Әнші бойындағы көпшілік біле бермейтін қыры жайлы айтты. Айтуынша, осыдан екі жыл бұрын қорқынышты түс көріпті.

Гаухар Әлімбекова көпшілік біле бермейтін қырын айтты. Айтуынша, кей түсі өңінде шындыққа айналып жатады. Мұны жаратқаннан келген ескерту деп біледі. 

 
“Осыдан екі жыл бұрын бір түс көрдім. Түсімде үш басты айдаһар Алматыға жақындап келе жатыр екен. Аузын арандай ашпақ болады. Адамдар оған қарсы шығады. Аузын кең ашуға мүмкіндік бермей жатыр. Біршама уақыт өткенде айдаһар кері тартына бастайды. Алайда жан-жақта сұлап жатқан адамдарды көрдім. Бұл қазіргі коронавирустың көрінісі емес пе? Менің кейде көрген түсім өңімде болып жатады. Барлық түсім болмаса да, кей түсім ескертпе секілді”, – деді әнші. 

Әлімбекова көпшілікті сақтыққа шақырып, вакцина алған адамдардың өзі бетпердемен жүру керек деген кеңесін айтты. Бұл сақтықтан зиян тимейді дейді ол. 

“Мен түстің аян екенін кейін түсіндім. Ол кезде мән бермеппін. Екпе алған адамдардың да талапты сақтап, бетперде тағып, арақашықтықты сақтап жүргені абзал”, – деді Әлімбекова. 

Әншінің “Кейінгі уақытта “Жас келін”, “Үміт әні”, “Қош деме ешқашанда”, “Жазғы жауын”, “Күзгі жаңбыр”  атты жаңа әндері шықты. Әлімбекова індеттің беті қайтып, карантин талаптары жеңілдетілсе, сахнаға шығуды жоспарлап отыр. 




Көрілген: 1371    Пікірлер: 0

жұма, 29.10.2021, 12:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31