Иманбек қымбат көлік сатып алды (видео)

18 желтоқсан 2021, 16:02

Талантты жерлесіміз өзінің Приорасын тастап, жерге жатып қалған спорткар сатып алды. Ол табынушыларын тек жаңа көлігімен ғана емес, жаңа туындысымен де таң қалдырды.
Иманбек Instagram парақшасында өмірінде болып жатқан жаңалықтарын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол жаңа Lamborghini спорткарының рөлінде отырып заманауи музыканттармен бірге жазған жаңа әнінің үзіндісімен де бөліседі.

Алайда Иманбекті сынға ала жөнелетін желіқолданушылар да бар. Олар "Қауіпсіздік белбеуін тақпай ма?", "Ақшам болса, мен де жаңа машинаммен мақтанар едім", "Әйтеуір сәттілік серік болды, саған" деген секілді сөздерімен қағытып қалуда.
Еске сала кетейік, Иманбек мінген спорттық көлік Қазақстан нарығында шамамен 120-130 миллион теңге тұрады.