“Иіскеп көру керек”: Диана Қырықбай тағы бір әдіспен бөлісті

11 тамыз 2022, 14:53

Қыздарға жігіттің ұнайтынын не ұнамайтынын анықтайтын психологиялық әдіс бар екен. Психологияда ол #Иіскелесу деп аталады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

Бұл туралы атышулы тележүргізуші Диана Қырықбай өзінің TikTok желісіндегі парақшасында айтты.

Жігіттің ұнайтынын не ұнамайтынын білу үшін иіскеп көру керек. Иісі ұнаса ол сіздің адамыңыз. Түрі әдемі, көлігі бар, бай жігіт боп тұрса да қабылдай алмасаңыз, демек сізге оның иісі ұнамаған, — дейді тележүргізуші.

Оның айтуынша, тіпті кейбір адамдардың үстінен шығып тұратын жағымсыз иісті де ұнататындар табылады. Диана Қырықбай қыздарға алғашқы кездесуде #иіскелеу техникасын қолдануға кеңес берді.

Иісі ұнамаса одан кейінгі кездесулерге бармасаңыз да болады, техникасы барда уақытыңызды құр жоғалтып қайтесіз, — дейді Диана Қырықбай.

Caravan.kz