Инста-Алаш

Марфуға Шапиян:" Тыңдап отырған менің көзіме жас үйірілді..."

  • Марфуға Шапиян:

    Марфуға Шапиян:" Тыңдап отырған менің көзіме жас үйірілді..."

Менімен жұмыста тамаша бір ағай істеді. Мінезі де көркем, жұмысы да тыңғылықты, намазын да қаза етпейтін сондай бір жақсы кісі болатын. Әйелін де танитынбыз. Редакцияға жиі келіп тұратын. Ол кісімен де тез тіл табысып кеттік. Бірақ сол бір әдемі жұп баяғы ертегілерде айтылатындай бір перзентке зар болды. Ортада сыйлы болған соң ба, бәріміз жақсы көрген соң ба, редакциядағы бәріміз іштей де, сырттай да олардың сәбилі болуына тілекші едік. Менің өзімнің есіме намаз кезінде басқа емес, сол ағай түсетін де, ерінбей дұға ететінмін.



Сөйтіп жүргенде, екеулерінің шаңырақ көтергеніне 10 жылға жуық уақыт өтіп, үміттің жібі үзілер тұсқа келгенде, жұбайы жүкті болып, дүниеге ұл әкелді. Бұл енді ол кісі үшін ғана емес, бәріміз үшін үлкен қуаныш еді. Әрине, біздікі жай болар)) Бірақ олар үшін расымен бақытты сәт еді.



Кейіннен редакцияда бір шәй үстінде осы әңгіме көтеріліп кетті де, баяғы өзімнің журналистік қызығушылығымнан туындаған, бұрын қоюға дәтім бармайтын "Бала болмай жүргенде әйеліңізбен ажырасу туралы ой келмеді ме?", "Қандай сезімде болдыңыз ол кезде?" деген сұрақтарды жаудырамын ғой баяғы. Сонда ағай көп нәрсені ашық айтып, емделмеген дәрігері, бармаған емшісі қалмағанын, тіпті Салтанат Байқошқароваға барып, бірнеше рет ЭКО жасатып көргендерін әңгімелей келіп: "Соңында тек Аллаға үміт арттық, барымызды салып намазымызда тіледік. Өйткені Алла қаламаса, Ол өзі бермесе, пенденің қолында ештеңе жоқ екенін түсіндік. Ең кереметі сол, Алла мені сол жылдар бойы сынаған болар деп ойлаймын. Қалай ұлым дүниеге келді, солай шаруам да түзелді, Алматыдан үйім де болды, көлік те алдым. Адам мұнша да бақытқа кенеледі екен ғой... Аллаға шүкір" деп сөзін аяқтады. Тыңдап отырған менің көзіме жас үйірілді...






Көрілген: 1151    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31